ӨНЕРПАЗҒА ӨРЕ КЕРЕК

Осы бір ойды айтуыма мына жағ­дай себеп болып отыр. Таяуда «Қазақ әдебиетінен» дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиевтің сұхбатын оқып, бір жасап, еңсем көтеріліп қалды. Алла-ау десейші, бүгінде жұртшылыққа аты кеңінен мәлім, белгілі бір деңгейде мойындалған әншінің мен өзімді әлі де әнші сезінбеймін деуі неткен қарапа­йымдылық еді. Жақсы мағынасындағы рухани тойымсыздықты, өнердің киесін мойындауды, оған деген құрметті биіктетуді мақсат етіп қойған адамның сөзі ғой бұл. Биік деңгей, парасат-пайым бар жерде осындай биік ой айтылады. Өнерпазға ең алдымен осындай өре керек.

Айтпағым мынау еді:

Бүгінде не көп, әнші көп. Сосын бәрінде осындай өре бар ма? «Қаз орғанына семіреді» деген, кішкентай ғана дауысы бар біреулер бүгінде теледидарды тойханаға айналдырды ғой. Соның 80-90 пайызы әнді түсініп айтады дегенге өз басым сенбеймін, үлкен күдікпен қараймын. Таным-талғам өте төмен деңгейде. Айтыңызшы, солардың айтып жүрген әнін халық неге айтпайды? Бұрынғының әндері қандай еді. Ауыздан түспейтін, бірден көңілге қона кететін еді ғой. Тіпті болмаған күнде жылдам қосылып кетуші едік. Қазіргілердің не әуені де, сөзі де есте қалсайшы.

«Болсайшы қарындастың бәрі осын­дай» демекші, бәрінде Рамазандай өре қайдан болсын. Меніңше, осы әншілерден бір жақсылап емтихан алу керек тәрізді.

 

Қ.ҚҰРАЛБАЙ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *