Өнердің өз өкілі

 

Нұржамал ӘЛІШЕВА

 

Алматы музейінде «Шығар­машылықтың сиқыры» атты қолданбалы өнер, оның ішінде гобелендер көрмесі ашылды.

 

Гобелен – аса талғампаз­дықты талап ететін өте кірпияз өнер. Сан бояуды ойнатып, түрлентіп тоқу – қиынның қиыны. Гобеленнің арғы атасы еуропалықтар десек те, ол боялған жіптен түрлі ою-өрнек­тер құрап, тықыр кілем мен алаша тоқуды білген қазақ үшін мүлдем таңсық емес. Иә, күні кешеге дейін әрбір қазақ әйелінің киіз басып, кілем, алаша тоқумен айналысқаны белгілі. Сондықтан гобеленді өзімізше «алашаның заманауи түрі» деп санауға да болады.

Көрмеге суретшілер отба­сы­нан шыққан алматылық суретші-гобеленші Жанат Табылдиеваның «Қаладағы қыс», «Жартастар арасындағы гүл», «Ә.Қастеев», «Арал», Көк­тем», «Киелі бұғы», «Уа­қыт көші» сынды жұмыстары қойылған.

Жанаттың әрбір гобеле­нінде  ұлтымыздың тұрмыс-тір­шілігі, бітім-болмысы, мінезі, ұстанымы, бәрі-бәрі бар. Күр­делі, монументалды компози­циядан жеңіл, жарқын шешім­дерге дейін дәстүрлі техни­камен орындалған әр туынды өзінше әдемі, өзінше құнды. Көрме аясында Жанат Табыл­диева тегін шеберлік сабағын өткізді.

Бүгінгі таңда көрме ұйым­дастыру оңай шаруа емес. Осы орайда шығармашыл шаһардың төрінде орналасқан Алматы музейі өкілдерінің өз сурет­шісіне қолдау көрсетіп, Жа­нат­қа залдарын тегін ұсынып отырғанын айта кетсек, артық болмас. Бұл да болса өнер адамына демеу болып, шалқар шабыт сыйлайтыны анық.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *