Немістер қазақты тани бастады

Camera 360Еліміздегі қоғамның саяси, әлеуметтік және құқықтық мәсе­лесін қарастырып, түбегейлі зерттеген кітап Берлинде неміс тілінде басылып шықты.

Әсел ДАҒЖАН

«Қоғамның саяси, әлеуметтік, құ­қық­тық проблемалары» атты кітапты құ­растырушылар – философия ғылым­дарының докторы, профессор Раушанбек Әбсаттаров және философия ғылым­да­рының докторы, неміс профессоры Иоганн Рау.

Германияда үлкен резонанс тудырған кітап қалың көпшіліктің қолданысына арналған. Өйткені, аталған еңбек ғылы­ми әдебиетте түбегейлі зерттелмеген мәселелерді қарастырады. Яғни, кітап көтерген мәселе – Қазақстандағы қоғам­ның өзекті деп танылатын саяси, әлеу­меттік, құқықтық проблемалары. Сон­дай-ақ, пікірталас тудыратын сұрақтар да назардан тыс қалмаған.

– Аталған кітап өткен жылы жел­тоқсан айында жарық көрді. Айта кету керек, қазақстандық авторлардың еңбе­гін шығарған баспа – Еуропадағы белгілі баспа. Неміс тілінде жарық көрген кітап­қа еуропалықтар үлкен қызығушы­лық танытып отыр, – деді кітап авторларының бірі Раушанбек Боранбайұлы.

Қоғам мәселесіне бей-жай қара­май­тын қалың көпшіліктен өзге, жинақ ғы­лыми қызметкерлерге, оқытушыларға, сон­дай-ақ студенттер, магистранттар және докторанттар үшін таптырмас құрал.

Аталған еңбекке заң ғылымдарының докторы, профессор Э.Дүйсенов, саяси ғылымдарының докторы, профессор С.Мұсатаев және ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, әлеуметтік ғылымдарының докторы, профессор З.Шаукенова пікір жазған.

Неміс тілінде басылып шыққан кітапта Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті саясаттану және әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушы-профессорларының ғылыми мақалалары жарық көрген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *