ҚҰНДЫ БӨЛШЕКТЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Қазіргі уақытта Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Алтынкөл» кеден бекетінің шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығы «Қорғас» өткізу-бақылау пунктіндегі қарбалас толастар емес. Күнделікті кедендік шекарадан өтетін жолаушылар саны орта есеппен төрт мыңдай адамды құрайды. Осы орайда жолаушылар контингентінің ішінде қулықтың қырық қалтарысын меңгерген небір әккілер де аз емес. Ондайлар өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асыру үшін тауарды жасырып өту жолында айла-шарғының небір жолдарын ойлап табуға тырысады. Сондықтан да кедендік тексеру кезінде кеденшілер атқаратын жұмыстың жауапкершілігі өте үлкен.

Жасырын алып өтетін тауарлардың ішінде өте қымбат тұратын компьютердің жеке бөлшектері де аз емес. Жуырда, шек­ара қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген кезекті кедендік тексеру кезінде Дилдаш есімді Қазақстан азаматының қол жүкте­рінің ішінен кедендік тексеруден жасы­рылған, кедендік жолаушылар декларация­сында мәлімдел­меген 48 дана компьютер­дің негізгі қосалқы бөлшегі болып сана­латын (материнское плато) және 18 дана видео-карта табылды. Аталмыш  заттар компьютердің негізгі «жүрегі» мен «миы» болып саналатыны ақпараттық техноло­гияда белгілі.

Қазіргі уақытта құрықталған құнды қосал­қы бөл­шек­тердің кедендік құнын анықтау үшін сарап­тама жасау жөнінде шешім шығарылды. Алдын-ала есептеменің өзінде аталмыш заттардың кеден­дік құны бірнеше миллион теңгеден асатыны белгілі. Алайда, нақтылы сараптама қорытындысы шыға­рыл­ғаннан кейін ғана кеден тәртібін бұзу­шыны субьектіні жауапкершіліктің қандай түріне  тарту мәселесі қаралады.

 

Алматы облыстық мемлекеттік

кірістер департаменті «Алтынкөл» кеден бекетінің баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close