Әндер айтылып, қызықты ойындар ойналды

Мәншүк БЕКБОСЫН

 

Табалдырығымыздан аттап, төрге шыққан әз-Наурыз мерекесі Түрксіб ауданында да кең көлемде атап өтілді. Мұндағы халықтық мейрам «Mart Vіllage» ойын-сауық сауда орталығының алаңында салтанат құрды. Бұл күні кешеннің алаңы әсем безендіріліп, ерекше сұлу кейіпке енді.

Мерекеге жиналған тұрғындар шат-шадыман көңіл-күйге бөленіп, бір-біріне құттықтау лебіздерін білдіріп жатты. Бейбіт өмір мен берекенің, мейірбандық пен ізгіліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күніне орай киіз үй тігіліп, мейрамның сәнін келтірді. Ұлттық киім киген жас жігіттер мен қыз-келіншектерге қарап көзің сүйсінеді, көңілің өседі. Тербелген алтыбақан, күмбірлеген күй, мың бұралған бишілер өнері мерекені барынша айшық­тай түсті. Қолөнер шеберлерінің  жасаған зергерлік бұйымдары, ұлттық нақышқа негізделген көркемөнер туындыларының көрмесі жиналған жұртшылықты ерекше қызықтырды. Тігілген киіз үйлердің аула­сында думанды әндер айтылып, қызықты ойындар ойналды. Ұйым­дастырушылар халқымыз­дың Наурыз мейрамын әнмен және бимен атап өту салтын ұмыт қалдырмай, арнайы әзірленген мерекелік бағдарламаны да тарту етті.

Мерекелік көрініс қойылып, шашу шашылды. Той-думанды қызықтауға келген әрбір қонақ наурыз көже, бауырсақ және палаудан тойғанша жеп-ішті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *