НАУРЫЗБАЙДА ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗЫП ТҰР

idi_4903

Қала басшысы Бауыржан Байбек кеше қаламыздағы жаңадан ірге көтерген бірқатар құрылыс нысандарын аралап шықты

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

 

Шаһар басшысы Наурызбай ауданында салынып жатқан ауданның әкімшілік орталығының құрылысы мен  ХҚКО, аудандық сот, аудандық ішкі істер басқармасының және басқа да мемлекеттік мекемелер орналасатын әкімшілік орталықтың құрылыс жұмысының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан  компаниялардың басшыларымен, құрылысшы­лармен кездесіп, құрылыс нысандарының  пайдалану мерзімін  тездетуді тапсырды. 

 

Құрылысшылар  Наурызбай ауданының әкімшілік ғимараты­ның құрылысы бұйыртса,  келер жылдың мамыр айында пайда­ланылуға берілетіні жөнінде мәлімдеді. Ал  аудандық ішкі істер басқармасы  ғимаратының құрылысы 2017 жылдың ақпан айында  толық аяқталатындығын, ал сыртқы жұмыстары тезде­тілсе, мамыр айында алғашқы болып құқық саласының қызмет­керлері қоныс тойларын тойлайтындығын жеткізді. Құрылыс­шылар, сондай-ақ,  қала басшысына алдағы жылдың ақпан, наурыз ай­ларында «Ақжар» ықшамауданында салынып жатқан  бір ауысымда  500 адам қабылдауға мүмкіндігі бар емхана мен 1200 орынды мектептің  пайдаланылуға берілетіндігін  де мәлімдеді.

Қала басшысы  Бауыржан Байбек құрылыс компанияларының басшыларына құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қатаң тапсырды. Қала басшысы,  сондай-ақ, «Қарғалы» өзені жаға­лауын­да жүргізіліп жатқан  қайта қалпына келтіру және нығайту жұмыс­тарының да барысымен танысты. Қарғалы өзенінің басынан басталған қайта қалпына келтіру жұмыстары  Жандосов көшесіне   дейін ұласып, жөндеу жұмыстары жалғасуда. Екі жұмыс істеуді қаламайтын қала басшысы бұл жерде де құрылыс жұмыстарының тиянақты да сапалы жүргізілуіне айрықша мән берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *