Наурызбайда 20 киіз үй тігілді

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Шұғыла» шағынауданы Абай даңғылында өткен Наурызда Астана қаласының 20 жылдығына орай 20 киіз үй тігіліп, 7000-ға жуық аудан тұрғындары мен қонақтары жайылған ақ дастар­ханнан дәм татып, қасиеті мол Тілек көже – Наурыз көже ішіп, мәре-сәре болысты.

Мерекелік шара барысында аудан тұрғындары үшін 1 тонна наурыз көже мен 1 тонна бауыр­сақ тегін таратылды. 2 сахна құрылып, 100-ге жуық қазақ эстрадасының жұлдыздары мен жас өнерпаздар тұрғындарға 8 сағаттық мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аудан тұрғындары мен қонақтары жайылған ақ дастар­ханнан дәм татып, қасиеті мол Тілек көже – Наурыз көже ішіп, мәре-сәре болысты. Ұлыстың ұлы күнінде ат шаптырып, аударыспақ ойнатылып, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр думан жасап, 9 ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар ұйымдас­тырылды.

Талғам-талаппен тігілген ақ шағаладай ақбоз үйлер өз ара­сында сайысқа түсіп, ең үздіктері бағалы сыйлық, дипломдармен марапатталды.

 

 «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *