Наурызбай ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Санжар ТОҒАЙ,

Наурызбай ауданының әкімі

Қаржыны игеру

2018 жылы Наурызбай ауданы әкімі аппаратына 2 601 842 000 тенге қаржы бөлінді. Орындалуы 2 601 817 000 тенгені құрады. Қаржыны игеру 100% құрады.

Мемлекеттік кірістер

2018 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекттік бюджеттің кірісі 7 млрд 982 млн теңгені құрады(2017 жыл-6 млрд 488 млн теңге), жоспар 109% орындалды, соның ішінде республикалық бюджет- 2 млрд 917 млн теңге, жергілікті- 5 млрд 65 млн теңге.

Салық түсімдері 5 жыл ішінде 391 миллион теңгеден (2014 жыл) 7,9  миллиард теңгеге дейін өсті, соның ішінде республикалық бюджет 90 млн. теңгеден 2,9 млрд. теңгеге дейін және жергілікті бюджет 300 млн. теңгеден 5,06 млрд. теңгеге дейін.

5 жыл ішінде слаық түсімдер 23 млрд теңгені құрады.

             млн. теңге 

Салық 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж. Динамика,% (15-16жж.) 2018 ж.

(орындалуы)

Өсу қарқыны,

в %

МБ 391 3 130 5 027 6 488 129 7 982 (109%) 123
РБ   1 552 1 713 2 457 143 2 917 (105%) 119
ЖБ   1 577 3 313 4 031 122 5 065(103,9%) 126

 

Салық төлеушілер бойынша статистика

Жыл басынан бері  жаңадан  17 299 субъект тіркелді, оның ішінде:

— 15 515 жеке тұлға,

— 536 заңды тұлға,

— 1 248 жеке кәсіпкер тіркелді .

Қазіргі уақытта ауданда жалпы тіркелген салық төлеуші саны — 94 595:

  1. Заңды тұлғалардың саны – 2188;
  2. Жеке кәсіпкерлер – 5524;
  3. Жеке тұлғалар – 86 883.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 20 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеуде. Ауданның өнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыты бетон өнімдерін, құрылыс материалдарын және ағаш өнімдерн өндіру болып табылады.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2018 жылғы қаңтар-қараша айларына 4,4 млрд. теңгені құрады, физикалық көлем индексі 100,8% құрады.

2018 жылғы қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 38 млрд 507 млн теңгенң құрады, 7 млрд. теңгеден (2015)  38 млрд. 507 млн. теңгеге дейін 5 есе өсті.

5 жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7 есе өсті (175 — 2014 жыл  және 1 284- 2018 жыл). 5 жыл ішінде 3 862 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Аудан бойынша жұмысшылардың орташа айлық жалақысы            118 мың теңге, ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған жалданушы қызметкерлердің саны 4 414  адамды құрайды.

2018 жылғы қаңтар-қараша айларындағы тауар айналымы                    9,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 1,6 млрд теңгені құрады (162,3) көтерме сауда көлемі 7,5 млрд теңге.

Аудан аумағында 2018 жылы 21 сауда және қызмет көрсету нысандары ашылды, салынған инвестиция көлемі 804 млн. теңге, жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 140.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2018 жылы тұрақты түрде аудан кәсіпкерлері үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шарттарын түсіндіру мақсатында кездесулер мен жиындар ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесіндеаудан бойынша 181 млн. теңгеге11 жоба мақұлданды

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша, статистикаға сәйкес, Алматы қаласының басқа аудандарымен салыстырғанда, Наурызбай ауданында тіркелген қылмыстардың саны ең аз болып табылады. Полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің бастықтары аудандағы қылмыстық жағдай туралы күнделікті есеп береді, материалдық базаны нығайту үшін тиісті шаралар қолданылуда.

Наурызбай ауданы Полиция басқармасында 213 қызметкер жұмыс істейді. ПБ құрамына жергілікті полиция қызметі бөлімі қосылды.

2018 жылдың басынан бері Полиция басқармасы қызметкерлерімен 106 017 772 теңге сомасына 16 184 әкімшілік хаттама толтырылды.
2018 жылы 59 428 012 теңге (56 %) өндірілді, қалғаны 41 518 050 теңге. 2018 жылы әкімшілік хаттамалардың өндіру деңгейі 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 43 % -дан 56 %-ға өсті.

Учаскелік тіреу пункттерін салу үшін қаржы бөлінді (8 жер учаскесі берілген). Құрылысы 2019 жылға жоспарланып отыр.

Қызметтік көлігі жоқ екі учаскелік пунктке 2 автокөлік берілді.

2019 жылдан бері аудан аумағында 37 жерде бейнебақылау камераларын орнату басталады, оның ішінде адамдар көп жиналатын 28 орында және автокөліктердің үлкен ағыны байқалатын ауданның магистальді көшелерінде 9 орында орнатылады.

Жол инфрақұрылымының дамуы

Аудан аумағында жалпы ұзындығы 288,9 шақырым құрайтын 348 көше бар. Аудан құрылған уақыттан бері жалпы ұзындығы 144,3 шақырым құрайтын 211 көшеге асфальт жабындысы төселді, оның ішінде ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 32,7 шақырымды құрайтын 41 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Асфальт төсемімен жабдықталған көшелердің үлесі 60,3 % — дан артты, 2014 жылы бұл көрсеткіш 25% -ды құрады.

2018 жылы жалпы ұзындығы 32,7 шақырым құрайтын 41 көшеде орташа жол желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның көптеген көшелерінде, сонымен қатар баубақша бірлестіктеріне апаратын көшелерге инженерлік желілердің инженерлік желілердің болмауына байланысты асфальт жабындысы жүргізмейді.

Эдельвейс б/б аумағындағы және Жандосов көшесінде «Ақсай» өзені арқылы өтетін көпір өткелдерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қарағайлы шағынауданы Надыров және Тәжиев көшелерінің қиылысында орналасқан апатты жағдайда тұрған автомобильдер көпір өткелін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

2018 жылы 3 жер асты жаяу жүргіншілер өткелдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық жерасты өткелдеріне орналасқан аумақтарына сәйкес атаулар беріліп, қабырғалары қанатты сөздермен, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріліп, жарықдиодты шамдар, музыкалық әуен қондырғылары және аудандық полиция басқармасының тікелей қадағалау жүйесіне қосылған бейнебақылау камералары орнатылған.

Кооператор б/б аумағында, Таусамалы және Құрамыс шағынаудандарының заңсыз бұғатталған 6 көше ашылды.

Құрылыс

3 КТК құрылысы жүргізілуде («Gulder» ТК құрылыс салушы BI Group, «Шугыла» ТК құрылыс салушы «Timus Construction» ЖШС, «Alma City» ТК құрылыс салушы «Елим-ай» ЖШС), ағымдағы жылы 229 үйді (15070 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.

2017 жылы 153 га аумағында 2,4 млрд теңге сомасына ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын Абай даңғылы құрылысының бірінші кезеңі жүргізілді. 103 қаулы қабылданды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 4,7 шақырым Төле би көшесін және ұзындығы 2 шақырым МУРЗ көшелерін ұзарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта бөлінген 1 млн.теңге қаражатқа «Тека Проект» ЖШС-мен МУРЗ және 2 млн. теңге сомасына «КазГер» ЖШС-мен Төле би көшесінің ұзартылуына жоба дайындауға келісімшарт жасалды. ЖСҚ дайындау аяқталу мерзімі 2019 жылдың соңына жоспарланған.

Дат архитекторы Ян Гейл жобасы аясында Шаляпин және Әшімов көшесінің бөлігі жаяу жүргінші жолдары, сыртқы жарықтандыру желілері,

балалар ойын алаңы және велосипед жолдарымен қаматамасыз етілді.

2018 жылы Сабденов көшесінде көріктендіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Веложолдар, жаяу жүргінші жолдары, баолалар және спорт алаңдары, сыртқы жарықтандыру және көгалдандыру қарастырылған.

Жаяу жүргіншілер жолдары

Ауданымыз алғаш құрылған жылдары тек 25 шақырым жаяу жүргіншілер жолы болды. 2014-2017 жылдары аралығында 35,8 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынған болса, 2018 жылы орташа жол жөндеу жұмыстарының аясында 18 шақырым салынды. Қазіргі уақытта 71 көшеде жаяу жүргіншілер жолдары жалпы ұзындығы 79 шақырымды құрайды. Пайыздық қатынапен аудан 21,1% жаяу жүргінші жолдарымен қамтылған.Айтматов көшесінде Әшімов көшесінен Әбділдин көшесіне дейін жаяу жүргінші жолдарының құрылысы жүргізілді. Строительная көшесіне жаяу жүргінші жолын салу арқылы жүргіншілердің жаңа мектепкеқол жетімділігі қамтамасыз етілді, бұл аталған жер телімін әкімшілік орталықпен байланыстыруға мүмкіндік берді.

Қоғамдық көлік

Қазіргі таңда аудан аумағында 19 қоғамдық көлік маршруты жолаушылар тасымалымен айналысуда,  4 жаңартылды (15, 52, 119, 128) жаңартылды. 2018 жылы  2 маршрут ашылды (27, 137).

«Арман», «Жадыра», «Щедрость» бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындарын қоғамдық көлікпен қаматамасыз ету сұрағы шешілді.

Аялдамалар бойынша

Аудан аумағында жалпы саны 109 аялдама кешендері бар, оның ішінде 2018 жылы 10 аялдама орнатылды.

2018 жылы аудан аумағында 85 жол белгісі орнатылды,                       30 жаңартылды, 15 демонтаждалды.

Аудан тұрғындарының кездесулер барысында айтылған өтініштері бойынша 11 жаяу жүргіншілер өткелі және 2 бағдаршам орнатылды: Жандосов және Бекішев көшелерінің қиылысы және Кенесары хан жәнеНәжімеденов көшелерінің қиыдысы.

Көгалдандыру

2018 жылы Ақжар шағынауданы Бекешев көшесі бойында жаңадан салынған № 200 жаңа мектеп гимназиясының аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс барысында 8000 шаршы метр жуық көк шөп егілді, 150 дана жапырақ тұқымдас көшеттер отырғызылып, жаяу жүргінші жолдарының құрылысы салынды, қоқыс жәшіктері, орындақтар және жарық бағандары орнатылды.

2018 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес 4000 дана ағашқа санитарлық қырқу және 150 дана кесу жұмыстары жүргізіліп, 500 ден астам жапырақ және қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды.

Қарғалы шағынауданының тұрғындарынан келіп түскен көптеген сұраныстар мен өтініштері негізінде Кенесары хан көшесі бойындағы адам өміріне қауіп тудыратын апаттық жағдайдағы ескі қартайған ағаштар кесілді.

2018 жылы Жандосов, Асқаров, Машан, Гроза, Рысқұлов, Қонаев, Әшімов, Бекешев, Айтматов, Тәжиев, Сабденов көшелерін және Райымбек даңғылының бойында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға көшеттер отырғызу, көк шөп егу және гүлді сәндік безендіру жұмыстары кіреді. Жалпы гүлмен әсемдік безендірілген аумақ 3500 шаршы метрді құрайды.

Аудан аумағында тұрақты түрде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстарға қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізетін 5 қоқыс шығаратын ұйым, көше тазалығын жүргізетін 3 ұйым және арық жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізетін 1 компания жұмылдырылған.

Жалпы 2017-2018 жылдары аралығында қыс мезгілдерінде, атқарылған жұмыстар барысында аталған мердігер ұйымдардың күшімен 45 мың м3 қар, ал жаз мезгілінде өткізілген қалалық және желілік сенбіліктерді есепке алатын болсақ, 150 мыңға жуық қоқыс шығарылды.

Алматы қаласының құтқару қызметімен өзен арналарын және өткелдер астын мұздан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Ауданның санитарлық тазалау жұмыстарына экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімі белсенді қатысады. Аталған құрылымның күшімен 30-дан астам жабайы қоқыс үйінділері анықталып, жойылды. Негізгі тұрмыстық қалдықтардың үйіндісі баубақша бірлестіктерінің аумағында және мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерінде кездеседі. Қазіргі кезде, анықталған тұрмыстық қоқыс алаңдары толығымен тазартылды.

Аудандық полиция басқармасымен және экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімі қызметкерлерімен тұрақты негізде көріктендіру ережелерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы 1279 хаттама толтырылып, оның ішінде 15 668 575 теңге сомасына 234 айыппұл және әкімшілік ескерту сипатындағы 1019 хаттама толтырылды.

Арық желілері

Аудан құрылған кезде арық жүйесі 19 шақырымды құрайтын 24 көшеде ғана болды. Аудан құрылған уақыттан бері 37 көшеге 26 шақырым арық желісінің құрылысы жүргізілді, оның ішінде 18,2 шақырым ағымдағы жылы салынды. Жаңа арық желілерінің құрылысын және жүргізілген жөндеу жұмыстарын есепке алатын болсақ, ұзындығы тек 55,2 шақырымды құрайтын 52 көше арық желілерімен қаматамсыз етілген, ол 15,8 %-ды құрайды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың жұмыс жоспарына енгізу үшін Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын жаңа арық жүйелерінің құрылысын қажет ететін 31 көшенің тізімі жолданды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары

Қатты жауын-шашын кезеңінде тұрғын массивтерді және көшелерді су басу қауіпі туындайтын. 2017 жылы Елібаев көшесіндегі көпір өткеліндегі су өткізу қабілеттілігінің төмендігінен, 30 тұрғын үйлерді аула аумақтарымен су басу қатеріне әкеліп соқты. Осыған орай, Елібаев көшесі бойындағы көпір өткелін қайта қалпына келтіру сонымен қатар, Тәжиев көшесіндегі құлаған көлбеуді нығайту және Амангелді көшесі бойында жаңа арық желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Сыртқы жарықтандыру

2018 жылы бюджеттен бөлінген қаражатқа сәйкес ауданның 8 көшелерінде сыртқы жарықтандыру желілерін (288 жарық шамдары) орнату жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы атқарылған жұмыстарды есепке алатын болсақ сыртқы жарықтандыру желілерімен тек 97 көше (4202 жарық шамдары) қамтамасыз етілген, ол 28 % құрайды.

Сонымен қатар, жыл ішінде 218 дана шам ауыстыру, 189 дана жарықшамды жөндеу, және 1923 дана тірек бағандарын бояу жұмыстары

жүргізілді.

«Алматы қала жарық» МКК-мен Қалқаман және Алты-алаш шағын аудандарының 24 көшесіне сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Жобаны іске асыру 2019 жылы жоспарлануда

Сумен жабдықтау     

Наурызбай ауданы тұрғындары бүгінгі күнде 40% — орталықтандырылған сумен, 20% -ы 38 жеке қолданыстағы су ұңғымасынан, 50% тұрғындар «Қарғалы» және «Ақсай» өзендері арқылы алынатын ашық су тоғандарынан пайдаланып келеді, бұл су тоғандарынан Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы, Таужолы, Тастыбұлақ, Ақжар және Ақсай Республикалық балалар емханасы, сонымен қатар Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс, Қырғауылды елді мекендері пайдаланып отыр. Су құбырлары 70 жылдары салынған, қазіргі уақытта тозу көрсеткіші 60-80% болып отыр. Ауа-райының қолайсыз кезінде су тоғанынан жіберілетін су лайланатындықтан толық тазартылғанға дейін өшіріледі, мұндай кезеңдерде аудан әкімі аппараты «Алматы су» МКК бірлесіп арнайы су тасығыш көліктермен су жеткізуді ұйымдастырады.

2014-2017жж. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қалқаман-1,2,3 және Алты-Алаш шағынаудандарында 72 көшені қамти отырып орталық 123 шаршы метр су және 80 шаршы метр кәріз құбыры жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Қалқаман-1,2,3 шағынаудандарындағы су құбырына қосылған абоненттердің саны 4 771 құрайды.

Аудандық су құбырына қызмет көрсетуші апаттық бөлімнің күшімен су құбырындағы 476 апат қалыпқа келтірілді.  150 өрт-қауіпсіздігі гидранттарына жөндеу жүргізілді, 290 дана су құбырының құдықтары жөнделді.

Ақжар шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету үшін «Алматы су» МКК күшімен Таусамалы шағынауданы Жандосов көшесіндегі су сорғылау станциясынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі қолданыстағы су құбыры арқылы 1,2 шақырым құрайтын Д-80 мм су құбырының құрылысы жүргізілді.

«Ақсай» су сүзгілеу стансасындағы судың үздіксіз жіберілуін жақсарту мақсатында 5 дана жылжытқыш ысырма арматурасы және 3 дана насос орнатылды. Сонымен қатар, 345,44 м кәріз желілеріне механикалық тазалау, 17265 м. кәріз желілерін жуу, 931 дана кәріз құбырының құдықтарын тазарту жұмыстары орындалды.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Ақсай» және «Қарғалы» өзендері арқылы су тоғандарының құрылыс жұмыстары үшін жоба әзірленуде. Бұл су тоғандарының жалпы қуаттылығы тәулігіне 37000м3 құрайды. Жобаның іске асырылуы Ақжар, Құрамыс, Қарғалы, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Таужолы, Таусамалы, Шұғыла, Жайляу шағынаудандарын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Су тоғандарының құрылыс жұмыстары жобалап алғанда 15,6 млрд.теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта 9 жобаның 2-не қорытынды шығарылды (Таужолы и Құрамыс).

Электрмен жабдықтау

Аудандағы қолданыстағы 512 трансформатор қондырғысының 138-і «Алатау жарық компаниясы» АҚ теңгерімінде, 362 данасы жеке қолданыста  (33-не қазіргі уақытта иесіз деп танылған сот шешімі бар), трансформатор қондырғылары мен электр желілеріне тиісті жөндеу жұмыстары                    жүргізілмегендіктен бүгінгі күнде 70 %-ның тозығы жетіп отыр.

2018 жылы «Алатау жарық компаниясы» АҚ күшімен  47 трансформатор жөнделіп, 118 электр бағандары орнатылды. Апаттық диспетчерлік бөлімінің мәліметіне сәйкес 2018 жылы электр желілерінде 74 апаттық өшірулер орын алған.

Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы шағынаудандарын электрмен жабдықтайтын №9 фидерін қайта құрылымдау үшін және жаңа трансформаторлардың құрылысын қарастыру үшін Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс берілді.  Сонымен қатар №9 /127А фидерін босату үшін кешенді шаралар жасалды (бөгет орнатылды), аталған фидер арқылы 91 трансформатор қондырғысы қуатталады (оның 14 — №3ЭТА теңгерімінде, 77 жеке қолданыстағы абоненттікі), жүргізілген жұмыстарыдң нәтижесінде Ақсай республикалық балалар емханасын қамтамасыз ететін 4/127 фидері қалыпқа келтірілді, 2 шақырым электр желілеріне сынақ жүргізіліп, фидер пайдалануға дайын екені анықталды.

 

Газбен қамтамасыз ету

Аудан аумағы бау-бақша бірлестіктерін қоса алғанда 100% газ құбырының желісімен қамтамасыз етілген жалпы ұзындығы 786,91 шақырым құрайды (оның 637,18 шақырымы төменгі қысымда, 143,49 орташа қысымда, 6,24 жоғарғы қысымда), тұрғындардың 95% газдандырылған.

Жылыту маусымына әзірлену мақсатында газ қызметін жеткізуші «ҚазТрансГаз-Аймақ» және «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС күшімен газ құбырларына тексеру және реттеу жұмыстары, 300 бекітпе құралдары тексерістен өткізіліп, 283 газ реттегіш шкафтарында жөндеу жұмыстары орындалды. Қосымша 2500 м. газ құбыры ауыстырылды.

Жаз маусымында 1,2 шақырым газ құбыры сырланды, сонымен қатар, Құрамыс шағынауданы, Белгер, Дрозда, Сейділда көшелеріндегі газ құбыры орынан ауыстырылды.

Жылыту маусымында газбен қамтамасыз ету үшін «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС 18 отбасына (зейнеткерлерге, әлеуметтік аз қамтылған) жалпы қосылу бағасынан 50% жеңілдік ұсынылып, қосылу үшін келісім шарт жасалды.

Жылумен қамтамасыз ету

Наурызбай ауданы аумағында 186 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан, оның 73-і орталық жылу жүйесіне қосылған, 64-і автономды қазандықтармен, қалған 49 үй жеке газ және электр пештері арқылы жылытылады.

 

Аулаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумақтарында 75 аула бар. Бүгінгі күнге дейін 51 аула күрделі жөндеуден өткізілді. 2018 жылы 6 аулаға «Толагай-2050» ЖШС күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  Жобаға сәйкес аула аумағында 62  (орындықтар – 25 дана; қоқыс жәшігі – 20 дана; 3-Б типіндегі сырғанақ – 1 дана; балалар ойын кешені (ДИК-001) – 2 дана; әткеншек –  данатеңестірілген әткеншек; құмсалғыш – 2 дана; қалқаны бар стол – 4 дана; айналмалы әткеншек – 1 дана; гимнасикалық ойын кешені – 3 дана; асфальт төсеніші – 6322 м2; поребриктер – 8089 дана; резиналық тжабынды  — 460м2; жырқтандыру бағандары – 15 дана; жиек тастар – 661 дана), сонымен қатараула аумағындағы 22 көлікжай, 17 қалқа және 380 м. қоршау орнынан алынды, құрылыс жұмыстарының бағасы 53 млн. 476 мың теңге.

2019 жылға күрделі жөндеу жұмыстары 20 аулада жүргізілуі жоспарланып отыр.

 

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша жұмыстар

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасына 2018 жылы жылы 5 көп қабатты тұрғын үй қатысып, жалпы соммасы 51 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

— Қалқаман ш/а, №13 үй – жеделсатысы жөнделді;

— Таусамалы ш/а, Молдағұлова көшесі, №28, №28 «Г» үйдің шатырына жөндеу жүргізілді;

— Қалқаман ш/а, №8, 11  үйдің шатырына жөндеу жүргізілді.

Осы бағдарламамен 2019 жылы 10 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бағдарлама әкімгері мердігер мекемелермен бірлесіп жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде.

 

Әлеуметтік қолдау

Бүгінгі таңда аудандағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылардың жалпы саны 21691 адамды құрайды, оның ішінде 7909 зейнеткер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектері — 6, тыл ардагерлері — 321 адам.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әртүрлі әлеуметтік көмек түрлері бойынша 1398 мүмкіндігі шектеулі тұрғын жүгініп, оның 1034 өтініштеріне сәйкес, толыққанды қамтылды.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді сапалы және тиімді қамтамасыз ету үшін, жеке қызмет алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалардың дамуын және әлеуметтік бейімделуін жақсарту үшін күндізгі болу орталығы ашылды.

Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 759 адамнан әлеуметтік көмек бойынша тағайындалатын жәрдемақыларға өтініш қабылданып, 36 млн. 110 мың теңге төленді.

2017 жылы жастар жұмыссыздығының деңгейі 6,4%, 2016 жылы 6,5% құрайды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында 2018 жылы тұрақты жұмыс орындарына – 1698 адам, жастар тәжірибесіне – 129 адам, кәсіптік оқытуға – 137 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 89 адам жіберілді.

Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлердің қолдауымен тұрақты түрде қоғамдық ұйымдармен қайырымдылық шаралар өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылы әлеуметтік маңызы бар 127 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. 2369 зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасылармен, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға 13 млн. тенге көлеміне азық-түлік, киім – кешек, отын т.с.с. бірінші қажеттіліктеріне әлеуметтік қолдау көрсетілді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына орай, Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және ҰОСҚ мен ҰОСМ теңестірілгендерге 8,8 млн. тенге көлемінде бір реттік жәрдемақы төленді (ҰОСҚ мен ҰОСМ әр қайсына 250000тг., ҰОСҚ мен ҰОСМ теңестірілгендерге әрқайсына 50000 тг.).

170 ардагерге қайырымдылық мерекелік түскі астар ұйымдастырылды. 229 ҰОСҚ мен ҰОСМ, тыл ардагерлердің, 90 және 100 жастан асқан зейнеткерлердің, ҰОСҚ мен ҰОСМ жесірлерінің, ҰОСҚ мен ҰОСМ теңестірілгендердің, жалғызбасты зейнеткерлердің үйлеріне азық – түлік жинағы таратылды.

Демеушілердің қолдауымен қайырымдылық акциялар мен шаралар 3,4 млн.тг. көлемінде қаражат жұмсалды.

«Қарттар айлығы» аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарларға 7,4 млн.тг. қаражат көлеміне қайырымдылық акциялар мен шаралар ұйымдастырылды.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» жол картасын іске асыру шеңберінде, аудан зейнеткерлерге салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру үшін «Айкуне» денсаулық орталығының нұсқаушыларының қолдауымен жаңа гимнастика түрлерінен тегін жаттығулар ұйымдастырылуда.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету үшін ауданда Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы құрылды. Бүгінгі күнде штатта 8 әскери қызметкері жұмыс атқарып жатыр. Көктемгі және күзгі кезеңде азаматтарды мерзімді әскери шақыру бойынша шараларды жүзеге асыру барысында 67 адам шұғыл әскери қызметке жіберілді.

Ең маңызды мәселелердің бірі — халықтың әлеуметтік әл-ауқатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын медициналық қызметтердің сапасы.

Барлығы аудандық денсаулық сақтау жүйесінде 13 мемлекеттік мекеме қызмет көрсетеді. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген адамдардың саны 39,1% — ға дейін өсті, яғни 19763 адамнан 27474 мың адамға дейін. Қаражат ауыр және сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жұмсалады.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңын орындау мақсатында 35 орындарында ақпараттық түсіндіріме жұмысы жүргізіліп, 4 мыңға жуық адам қамтылды.

 

Ауданда 15 251 оқушыны қамтитын 15 мектеп қызмет етеді (9 мемлекет. мектепте – 13279 оқушы, ал 5 жеке мектептерде – 582, Назарбаев зияткерлік мектепте – 940 бала).

2014 жылы ауданда 9 балабақша (оның ішінде: мемлекет.-2, жекеменшік-7) жұмыс істеді. 2018 жылы балабақшалардың саны 70-ке өсті (оның ішінде: мемлекет.-2, жекеменшік-68).

2014 жылы ауданда 11 мектеп жұмыс істеді (оның ішінде: мемлекет.-7, жекеменшік-4) 2018 жылы мектептердің саны 15-ке өсті (оның ішінде: мемлекет.-9, жекеменшік-5, НЗМ-1).

2018 жылғы ҰБТ-ға ауданымыздың 406 оқушысы қатысып,орташа 103,22 баллды қамтыды (2017 жылы — 86,6).

2018 жылғы ҰБТ-де №176 және №188 мектеп-гимназияларының  оқушылары 100 баллдан жоғары ұпай жинады.  №176 мектеп-гимназиясы – 111,43 балл, №188 мектеп-гимназиясы – 108,58 балл.

2018 жылы қалалық және республикалық пәндік олимпиадаларда 53 оқушы қатысты. Оның ішінде жүлдегерлер саны — 23.

2018 жылы Ақжар шағынауданында жаңа №200 мектеп-гимназиясы салынды (1 млрд.917 млн.тг).

Ауданда 3839 баланы қамтитын 2 мемлекеттік және 68 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелері жұмыс істейді.

2018 жылдың 2 ақпаннан бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі білім мекемелеріне кезекке қою мен жолдамалар беру үрдісі автоматтандырылды. Қазіргі танда Алматы қаласында аудандарға кезек көрсетусіз және нақты балабақшаларға тіркеусіз жалпы кезек жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Ақжар шағынауданында 320 орынға арналған мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүруде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығы (988,46 млн.тг.).

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (Балапан) бойынша 2195 орынға арналған 47 жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істеуде.

Қазіргі күнде ауданның мектепке дейінгі білім мекемелерінде орындардың тапшылығы жоқ.

Мәдениет және спорт

Жыл сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша Наурызбай ауданының 28,2%-ға жуық тұрғындары жүйелі түрде спортпен щұғылданады.

Ауданда 65 спорт ғимараттары жұмыс істейді (бассейн, жаттығу залдары, футбол алаңдары, алаңдар, WorkOut және т.б.) Оның 17 спорт ғимаратта аудан тұрғындары тегін түрде спортпен щұғылдануға мүмкіндігі бар.

2018 жылда 50000-ға жуық адамның қатысуымен 82 мәдени-ағартушылық шаралар ұйымдастырылды. 2018 жылдың 1 маусым күні «Мерейлі отбасы» қалалық байқау ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 16 отбасы қатысушылар ішінен Наурызбай ауданының Жұбанкозов отбасылары жеңімпаз болды. Республикалық байқауда гран-приді «Арай» ардагерлер хоры жеңіп алды.

Сондай-ақ 18000-ға жуық адамның қатысуымен 80 спорттық шаралар ұйымдастырылды. Қалалық спартакиадада аудан әкімі аппаратының қызметкерлері 3-ші орынға ие болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *