Наурызбай ауданында – жаңа әкім

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Наурызбай ауданының жаңа әкімі болып Санжар Тоғай тағайындалды. Бұрын ауданды басқарған Сайран Сайфеденов қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып бекітілді.

Соңғы бір жарым жылда Санжар Тоғай Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана қаласының, Алматы және Павлодар облыстарының әділет органдарында, Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігің аппараттарында қызмет атқарды.

Наурызбай ауданы жаңа әкімінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, соның ішінде кәсіпкерліктің, мәдениет пен спорттың жаңа нысандарын, тұрғын үйлер, медицина және басқа да оқу орындарын салу қажет. Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысын одан әрі жалғастыру, Абай даңғылын үңгілеу жобасын уақтылы және сапалы жүзеге асыру тапсырылды. Бизнестің Жол картасы–2020 жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдау ісін барынша күшейткен жөн.

Соңғы үш жылда Наурызбай ауданында бюджетке  құйылатын салық түсімі 11 есе артты, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есе өсті, негізгі капитал инвестициясы 4 есе ұлғайды.

Өткен жылы ауданның жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы ашылды, бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі аясында  бірнеше мектеп пен емхана салынды. Қазіргі кезде 1200 орынды тағы бір мектептің, 320 орынды бала бақшаның, медициналық жедел жәрдем станциясы мен өрт  сөндіру  депосының құрылысы  жүруде.

Қарғалы өзенінің жағалауында аудан тұрғындары үшін жаңа демалыс орны пайда  болды. Төрт саябақ пен скверлер ашылды, 43 аула жөнделіп, абаттандырылды, ауданның 190 км жолына асфальт төселді.

Осының барлығы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырды, қызмет көрсету сапасы қала стандартына теңелді, ауданның 160 мыңнан астам тұрғыны жақсы әлеуметтік жағдайды сезінді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close