НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР БЕРІЛІП,

түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматы қаласының аумағы кеңейіп, сегізінші аудан – Наурызбай ауданының құрылуына бай­ланысты аудандық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімі де өз құзырына қатысты жұмыстарды атқарып жатыр. Бұл ретте Наурызбай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келген аза­маттарға жұмыспен қамту, әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар туралы кеңестер берілуде.

Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек – отба­сының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Алматы қаласы бойынша бекітілген күнкөріс деңгейінің кедейлік шегі мөлшерінен төмен адамдарға (отбасы­ларына) өткен тоқсандағы жанұяның орташа табысын есепке алып, төленеді. Қазір бұл кедейлік шегі бекітілген күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды. Сонымен қатар, елімізде Алматы қаласы бойынша бекітілген күн­көріс деңгейі азық-түлік себетінің көрсеткішінен аспаған отбасындағы 18-ге толмаған әр балаға бір айлық есеп­тегіш көрсеткіші (АЕК) тағайын­далады. Азық-түлік се­беті бекітілген күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды.

Наурызбай аудандық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімінің мекен-жайы: Қарағайлы ауылы, Қ.Надыров көшесі, 50 «а» үй.

Телефон – 385-59-28, 385-59-40

(бұрынғы Қара­­ғайлы ауылдық әкімі апаратының ғимараты).

Осы орайда мүмкіндігі шектеулі балаларын үйде оқытатын отбасыларына материалдық қамсыздандыру 6,5 АЕК көлемімен тағайындалады. Сондай-ақ, тұрғын үй көмегі облыстан қала аумағына ауыстырылған және Алматы қаласында тұрақты тұратын, тұрғын үй иесі болып табылатын азаматтарға ұсынылады. Тұрғын үйді күтіп ұстаудың нақты көлемі, тұрғын үй алаңының нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегіндегі төлемнің шығындары отбасы жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асып тұрған жағдайда төленеді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 1 АЕК көлеміндегі жәрдемақы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын, арнайы мемлекеттік жәр­демақы алмайтын зейнеткерлік жасқа толған зейнет­керлерге, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға, бүйректің жеткіліксіздігі мен созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектерге және басқа жекелеген тұлғаларға төленеді. Ал енді, 2 АЕК көлеміндегі жәрдемақы ыстық, суық су есептеуіш құрал­дарын ауыстыру мен тексеру мақсатында жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен аспайтын табысы аз қамтылған отбасына төленеді. Сосын, 5 АЕК түріндегі жәрдемақы ҰОС-ының мүгедектері мен қатысушы­лары­на, ҰОС-ында қаза тапқан (хабарсыз кеткен) жауын­герлердің екініші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауған­стандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар­сыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мер­тігу, аурудың сал­дарынан қайтыс болған қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына және орташа табысы күнкөріс деңгейінің алты есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға төленеді.

Бұдан басқа жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспай­тын азаматтарға 7 АЕК көлеміндегі жәрдемақы төленеді. Және 100 АЕК көлеміндегі жәрдемақы тұрғын үйінен айрылғанда (өрт, су тасқыны болғанда), бүлінгенде немесе елеулі зиян келгенде төтенше жағдай туындаған­нан бастап алты ай аралығында төленеді.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құрал-жабдықтар және басқа да әлеуметтік көмектер, арнайы медициналық сараптамамен бекітіл­ген іс шаралар мүгедекті оңалтудың жеке бағдарла­масына сәйкес қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, арнайы қозғалыс, тифло-сурдо, тазалық, протезді-орто­педиялық құралдарымен қамтамасыз етіп, шипажайлар мен сауықтыру орындарына жолдама беру, мүгедек­тердің жеке көмекшілері және мүгедектерге ыммен түсіндіретін мамандардың еңбекақаларына құжаттар рәсімдеу секілді жұмыстар жүргізіледі.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша да жұмыссыз азаматтарды жұмыссыздар қатарына тіркеуге алып, мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға ықпалдастыру шараларын ұйымдастыру, сонымен қатар қоғамдық жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орын­дарына және қайта оқыту, қайта мамандандыру курс­тарына жіберу арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Аудан тұрғындарының мекен-жайлары және отбасы мүшелерінің құжаттары Наурызбай ауданы аумағында тіркеліп, растайтын құжаттар негізінде жоғарыда көр­сетілген әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар тағайын­далып төленеді.

Нұрсара ӨМІРЖАНОВА, Наурызбай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *