НАУРЫЗ ТОЙЫ ТАЛАЙДЫ ТАМСАНТТЫ

200Айнабай МӘДИ

Жетісу аудандық қорғаныс істері басқармасы Наурыз мерекесін атап өтті.

Ұлыстың ұлы күні – Күн мен Түн теңелген көктемнің жаймашуақ мерекесін қазақ халқы қадым заманнан бері тойлаған. «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ақсақалдың ақ батасымен ашылды. Мейрамға келушілерге жайылған ақ дастарқаннан наурызкөже ұсынылып, қонақтар ұлттық тағам түрлерінен дәм татты.

Басқарманың жеке құрамы бар өнерін ортаға салды. Әскери қызметші жігіттер мен қыз-келіншектер концерттік қойылымды алдымен өздері ұсынды. «Күш атасын танымас» деген, қазақша күресте, арқан тартыста, қол күресінде (армрестлинг) бұлшық еттер бұлтыңдап, ұлттық ойын жігіттердің қайрат-күшін  тасытып, жігерін жанығандай. Әскери арулар ән салып, би билеуден жігіттерден қалыспайтынын білдірді.

Бәрінен бұрын «Қара жорға» биі талайдың жүзін жадыратып, буын-буынын босатып, бойына қан жүгіртті. Мұндайдан әскерилер қалыссын ба? Жігіттер жағы қыздарды би алаңына шақырып, икемділігі мен ептілігін танытып қалуға тырысты. Ұлық келгенде бір қуанатын біздің қазақ Ұлыс келгенде мың қуанады емес пе. Соған осы жолы да көз жеткіздік. Жетісудың төріндегі Отан қорғаушылар ордасында тартымды өткен Наурыз тойы талайды тамсантты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *