НАУРЫЗ ШЕРУІН ҚЫДЫР АТА МЕН ЖЕР-АНА БАСТАЙДЫ

Күн мен түн ғана емес, хан мен қара да теңелген қасиетті Наурыз мейрамының Алматыдағы негізгі шараларының бірі – «Наурыз шеруі».

Наурыздың 21-і күні сағат 09.00-де шеруге қатысу­шы­лар Абай даңғылының бойында Қазақ мемлекеттік циркі алдындағы алаңға жиналып, сағат 10.00-де ұлттық киім киген қатысушылар дабылдатып, сахналанған көрініспен шеруді бастайды. Ал «Наурыз шеруін» бастап жүретін – Қыдыр Ата мен Жер-Ана.

Шеруге Алматы қаласының мәдениет мекемелері, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, саятшы-бүркітшілер мен қазақ тазысын баптаушылар, қала тұрғындары – барлығы 2000-ға тарта адам қатысады.

Абай даңғылымен көш түзеген шеру Абылай хан даңғы­лымен төмен түседі,  Қабанбай батыр көшесінде оңға бұры­лып, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрына дейін сән-салтанатымен жүріп өтеді.

Наурыз – қазақи ата дәстүр ұлылығы, Наурыз – халық бірлігінің мығымдығы!

Ендеше, халқымыздың дәстүрі мен сән-салтанатын паш ететін мерекелік шеруді тамашалауға асығыңыз, ағайын!

Нұр ЖАМАЛ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *