Наурыз мерекесі жаңа форматта өтеді

 

Алматыда Халықаралық  әйелдер күні — 8 наурыз мерекесі  аяқталысымен, бір ай бойына аталып өтетін «Наурыз-2018» мерекесіне дайындық шаралары басталады

Қала әкімдігі биылғы Наурыз мерекесін атап өтуге айрықша көңіл бөліп отыр. Орта­лықтағы қайта жасалған көшелерде «Бауырсақ», «Наурыз көже»,  «Күріш» фес­ти­вальдері ұйымдастырылатын болады. Мұнда белсенділер айдың соңына дейін жұмыс  істейді. Ал ең ауқымды мерекелік шаралар мегаполистің негізгі деген бірнеше алаңдарында 22-25 наурыз аралығында, сағат таңғы 10.00-ден кешкі  21.00-ге дейін өтеді. 

 

*«Астана» алаңында жыл сайынғы дәстүрлі үлкен мерекелік концерт, ұлттық ас мәзірі фестивалі өтеді. Жалпы, бұл күндері алаңда 6 киіз үй тігіледі, 14 инсталляция («кереге құрақ», «қос», «абы­лайша») орнатылады. Балаларға арналған және спорттық орындар, Орта Азияның қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары үшін 17 аймақ, сауда шатыр­лары,  фудкорттар, 1200 орынды көрермен­дер трибунасы ұйымдастырылады. Негізгі мерекелік концертке  ТМД-ның 6 елінен және Түркиядан 500-ден астам артист пен 1500 ерікті қатысады. Мереке соңы отшашуға ұласады.

*Наурыз мерекесі жаңарған Панфилов және Жібек жолы  көшелерінде  22-25 наурыз күндері сағат таңғы 10.00-ден бастап кешкі 22.00-ге дейін өтеді. Бұл күндері аталған көшелердің бойына 120 000-нан астам адам шығады деп болжанып отыр. Атап өтерлік жәйт, 2016 жылы көпұлтты «Наурыз» өтінімі ЮНЕСКО-ның материалды емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енген-ді. Бұл бастамаға 12 ел  қолдау білдірді. Олар: Иран, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Ирак, Түркіменстан және Тәжікстан. Бұл елдерден келген өкілдер жаңарған Панфилов көшесінде  киіз үй тігу, қыш, керамика, киізден, мехенеден бұйымдар жасау бойынша арнайы шебер­лік сыныптарын өткізеді. Сонымен қатар, алтын жіппен бұйым тігу, ортеке, шырдақ, зергерлік бұйымдар мен шыны жасау шеберліктері де көрсетіледі. Бұлардан өзге, мұнда  театрландырылған  «Көш керуені» ұйымдастырылады.

*22 наурызда Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы жанындағы сахнада өтетін концерттік бағдарламада ҚҰӨА студенттері өнер көрсетеді,  сонымен қатар қаланың жоғары оқу  орындары арасында  «Ән бәйге» атты авторлық ән конкурсы, «Биле-биле»  көңіл көтеретін шара мен «Әз-Наурыз Алатау алабында» атты театрлан­дырылған қойылым болады.

*24 наурызда Жібек жолы көшесі бойындағы сахнада  «Наурыз-Думан» өтеді. Мұнда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін ҚР Сурет­шілер одағы шеберлері мен жас сурет­шілердің біріккен пленэрі ұйымдасты­рылады. Сағат 19.00-21.00 аралығында «Open aіr cіnema» өтеді, яғни Ш.Айманов­тың ретроспективті кинолары мен Қазақстанның материалды емес мәдени  мұрасы болып табылатын «Қыз Жібек», «Ортеке», «Киіз басу», «Қорқыт Ата мұра­сы: Эпикалық мәдениет және музыка», «Қазақтың зергерлік бұйымдары», «Кесте», «Асық ату» және басқа  фильмдер көрсетіледі.

*25 наурызда, сағат 11.00-13.00  аралы­ғында алаңда буккроссинг —  мәдени мұра мен кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сағат 14.00-17.00  аралығында- «Кітап Fest», сағат 19.00-21.00 аралығында – «Open aіr cіnema» өтеді. Онда   «Керамика өнері» (Өзбекстан), «Жібек тоқу» (Өзбек­стан), «Аспалы арқанмен жүру» (Өзбек­стан), «Көк бөрі» (Қырғызстан), «Салт-дәстүр  әндері» (Қырғызстан), «Монғолдың дәстүрлі  үстел ойындары» (Монғолия), «Моринхур — монғолдың қыл пернелі  аспабы» (Мон­ғолия), «Салт-дәстүр  әндері»  (Тәжікстан)  және  басқалары  ұйымдасты­рылады.

*22 наурызда  Атлеттер ауылында  мерекелік бағдарлама болады, онда спорт секциялары мен «Dіsco стиліндегі Наурыз» концертіне қатысушылар үшін түрлі ұтыстар  мен байқаулар  өтеді.  Белсенді­лікті  арттыру мақсатында қазақ күресінен, джиу-джитсудан, таэквондодан, каратэ­ден, бокстан жарыстар  ұйымдастырылып, спортшылар түрлі әдістерді көрсетеді. Аталған сайысқа ниет білдірушілер де қатыса алады. Шахматтан, тоғызқұма­лақтан шеберлік сыныптары өтеді. Хоре­ография студиялары қара жорға, қамажай  және басқа билерді ұсынады, би батлы бойынша флешмоб  ұйымдастырылады. Музыкалық студия үзілістер кезінде домбырадан күй шертеді, хоккей акаде­миясы нағыз хоккей матчын өткізеді. Бұлардан өзге, топтық жарыстар да өтеді. Олар: эстафеталар, үстел теннисі, үрленген батут, армреслинг, арқан тарту, обруч, арқанмен секіру, асық ату, аниматор­лардың қатысуымен түрлі шаралар, белсенді интерактив:  шыңға өрмелеу,   садақ ату, боулинг, дартс және басқалары. Суретке түсуге мүмкіндік беретін зоопарк те болады, отты шоу ұсынылып, иллю­зионистер, фокусшылар өнер көрсетеді, ауа шары болады. Жеңімпаздарға ұйымдас­тырушылар сыйлықтар тапсырады.

*22 наурызда «Алматы Арена» маңында «Наурыз – бүкіләлемдік мәдени мұра» бағдарламасы өтіп, оның құрамында «Әлем халықтарының ас мәзірі» фестивалі ұсынылады, қолөнершілер жәрмеңкесі, балалар  аймақтары, «Асық» жарысы, спорттық сайыстар келушілерді күтеді.  Аспаздық  шеберлік сыныптарында шетел­дік қонақтар ас пісірудің қыр-сырын ұсынады, Әзірбайжан  лавашта күріш пісіруді, пахлава мен боялған жұмыртқаны, Түркия  шпинатты беректі, лукумды, Түркіменстан чуректі, пишмені, чападты, күлшені, тәттілерді, Ауғанстан жеті жеміс­тің  компотын, Өзбекстан сумаляк пен «Наурыз көжені», Иран боялған жұмырт­қалар мен құрғақ жемістерді, кәуапты, Тәжікстан тәтті күрішті, Үндістан «тандай» сусынын ұсынады. Сондай-ақ, Азия ас мәзірі  wok-кеспесі, ұйғырдың асы, грузин­нің хачапуриі, кәуаптары, ал қазақтың ас мәзірінен «Наурыз көже», бауырсақ, Қаттама ұсынылады. Бұлардан өзге, «Almaty Art Center»  алдына сауда алаңы ұйымдастырылып, онда қонақтарға «Qazaq Oner» орталығының ұлттық сувенирлері, киімдер,  музыка аспаптары ұсынылады.

*23 наурызда  «Алматы Аренада» «DІDCO стиліндегі Наурыз» атты  үлкен концерт өтеді, онда  әлемге танымал BACCARA, KEVІN MCCOY EX BAD BOYS BLUE, LONDONBEAT, OTTA­WAN, SOUNDS OF BONEY M SHEYLA BONNІCK, SECRET SERVІCE, JOY, ARABESQUE ORІGІNAL MІCHAELA ROSE  және басқалары өзнер көрсетеді.

Шараның толық бағдарламасы кейіні­рек Алматы  әкімінің сайтында жария­ланады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close