Наурыз – Думан – Спорт

Наурыз мерекесін спортпен қарсы алайық!

Наурыздың 22-сі күні Алма­тыда, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Спорттық Алма­ты» қалалық бағдарламасы аясында спорттық шаралар өтеді.

Мереке аясында Астана алаңы мен Атлеттер ауылының келу­шілері ұлттық ойындар жарысына қатыса алады. Нақтырақ айтатын болсақ, қазақ күресі, қошқар көтеру, бағанға шығу, қол күресі, асық ату және тоғызқұмалақ. Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталады.

Сонымен қатар, қонақтар қызықты концерттік бағдарла­маның  куәгері атанады. Олар ат үстіндегі кәсіби каскадерлер және өзге де әртістердің өнерін тама­шалайды.

Балаларға арналған бағдарлама да болады, олар аквагримерлер мен ұлттық киімдегі ходулисттермен бірге уақытты қызық өткізеді. Бұл шаралар сахнада Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының орын­да­уындағы әсем әуендермен жалға­сады.

Айта кетер жәйт,  алып шаһар­дағы  бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Спорттық Алматы» жобасы үш жыл қатарынан қала тұрғындарын түрлі спорттық шара­лар және сыйлықтармен қуантып келеді. Жоба Алматы қаласы әкім­ді­гінің қолдауымен іске қосылған.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *