Наурыз айы келгенде…

564Наурыз айы келгенде, тіршіліктің тынысы дүр сілкініп оянып, жанданып-жасанып, түлеп-түрленіп кететіні бар. Төрт түліктің де ойқастай шауып, оқыратыны да осы шақ. Қыстың қытымыр мінезіне бағынған қара жердің тоңы жібіп, еміреніп, сай-саланы, сағаларды суға толтыратыны да осы берекелі наурыз айы. Биыл да Қазақстан жұртшылығы көктем мерекесіне әдеттегідей ертерек кірісіп кеткен. Ол сонау сақ, ғұн дәуірінен бастау алатын «Көрісу» дәстүрінен тамыр тар­тады. Біз де қырғиқабақ достарымызды жағалап төс қағыстырдық, үйелеп қалған өкпені өткен жылдың еншісіне қалдырдық, арқа-жарқа жаға түйістірдік.

Берік СӘДУАҚАС

Медеу ауданы Орталық саябақта мерекеледі

Қала әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімов алматы­лықтардың ортасында болып, көктемгі нәрлі сәулесімен нұрландырған Наурыз мерекесін қарапайым тұрғындармен етене бөлісті. Шањар басшысы Медеу ауданы әкімдігі ұйымдастырған Орталық Мәдениет және демалыс саябағында болып, ұлт пен ұлыстардың мәдени орталықтары жайған ақжарма дастарқаннан дәм татты, олардың ұлттық өнерлерін тамашалады. Естеріңізге сала кетейік, қалалықтардың көз қуанышы – тотыдайын таранған Орталық саябақ өткен жылдың күзінде қала әкімінің дем беруімен жеке қолдан коммуналды меншікке кері қайтарылған болатын. Қазір кіру құны тегін, ат терлететін әйдік әмбебап спорттық стадионы да бар. Беймарал серуендейтін сейілді тұстары да жетерлік. Табиғаты тұнып тұр. Бұл күні «Родина» кинотеатры алдында қазақ үйлер өте көп болды. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті мен Абай атындағы педагогикалық университеті алты қанатты киіз үй тігіп, мерекелі дастарқанды молырақ жайды. Шањар басшысы «Абай» ауылына бұрылып, наурызкөжеден ауыз тиіп, ұжымға ақ батасын берді. Қазақбай Қасымов бастаған түрік этно-мәдени орталығының бишілеріне қол соқты. Сонымен қатар, өзбек, ауған, түркімен, украин этнос­тарының қолөнер шығармашылықтарына терең назар аударды. Бұдан кейін Ахметжан Смағұлұлы кең алқап­тағы алматылықтар демалатын демалыс нысандарының бүгінгі хал-ахуалымен танысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *