Нанопластика – шашты кератинді қалпына келтірудің бір түрі

Негізі, салонда жасалатын шаш күтіміне арналған кератинді түзету, ботокс, лами­нирлеу деген түзету шаралары бар. Соңғы жылдары олардың қатарына нанопластика процедурасы қосылды. Шаш күтімі жайлы көбірек білгісі келетін сұлуларға нано­пластика туралы мәлімет ұсынамыз.

Нанопластика – шашты кератинді қалпына келтірудің бір түрі. Бұл про­цедура құрғақ, бұйра және «тыңдамайтын» шашты түзетуге бағытталған. Осы нано­пластикадан соң шаш жылтыр және күтімді көрінеді. Тіпті, оның әсері жарты жылға дейін сақталады дейді. Сосын бұл құралдың құрамында формальдегид болмайды екен. Сондықтан да процедура кезінде одан өткір иіс шықпайды және күйдірмейді. Басқа да жағымсыз реакциялар орын алмайды. Процедураның еш қаупі жоқ. Сол себепті, оны кез-келген жастағы әйелдерге, жүкті және емшектегі әйелдерге жасауға рұқсат етіледі.

Нанопластика процедурасының артық­шылықтары:

– Нәтижесі, тиімді және жылдам. Шаш күтімді көрініп, мүлдем ұйыспайды;

– Шараның еш қаупі жоқ;

– Нәтиже ұзақ сақталады;

– Күнделікті шаш үлгісіне уақыт аз кетеді;

– Түрлі термиялық және физикалық әсерден қорғайды;

– Шаш қалпына келіп қана қоймай, сапалы түзетіледі.

Нанопластика шарасының кемші­ліктері:

– Шашты жиі жуу керек;

– Шара құны қымбат тұрады;

– Шара ұзақ уақытты алады;

– Процедурадан соң шаш 1-2 түске ағарып кетуі мүмкін.

Нанопластика шарасын қалай жасайды?

  1. Басты жақсылап жуады.
  2. Шашты кішкентай бөліктерге бөліп, оларға арнайы жақпа жағады. Ол барлық шашқа тию үшін тарақпен тарайды. Содан соң жақпаны нұсқамада көрсетілген уақытқа дейін қалдырады. Ол көбіне 1 сағатты құрайды.
  3. Уақыт өткен соң шашты жуып, фенмен кептіріп, арнайы үтікпен шашты түзетеді. Бұлар 3 сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Әрі нано­пластикадан соң шашты бір күн жумау ұсынылады. Бұл шарадан соң сульфатсыз сусабынмен жуынған дұрыс.

Әзірлеген –

Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *