Найзағай кезінде не істеу керек?

Қауіпсіздік ережесі бойынша, найзағай ойнаған кезде ыдыс жууға, душ қабылдауға болмайды екен.

Бұл жөнінде АҚШ-тың мұхиттану зерттеу орталығының Ұлттық басқарма өкілдері хабарлады. Мамандар егер терезеден найзағайдың жарқ еткенін көрсеңіз, не болмаса гүріл шыққанын естісеңіз:

– қолыңызды суға малмаңыз, ыдыс жумаңыз;

– ыдыс және кір жуатын мәшинеге, душ, ваннаға жоламаңыз;

– телефонмен сөйлеспеңіз.

Найзағай өткеннен соң жарты сағаттан кейін аталған приборларды қолдануға болады.

Қауіп еткеннен айтамыз демекші, кейбіреулердің оған құлақ аспайтыны да бар. Мәселен, өткен жылдың маусы­мында 17 жастағы американдық В.Мобли өзінің жұмыс орнында, кафеде найзағай кезінде ыдыс жуып жатқан. Соңғы ыдыс қалған. Қолын суға салған Вера қатты жарқылдан соң есінен танып қалды. Найзағай сол ғимаратқа түсіп, бұны сужуғышпен бірге қатты соққан. Аяқ киімі тесіліп, өзі қатты күйіп қалған. Бақытына орай тірі қалған.

Демек, гүріл естілгеннен оның соңында найзағай бар екенін біліңіз. Сантехника, электр жарығынан сәл қашықта тұрғаныңыз жөн.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *