Нәсия апай дән риза

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтары­мызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айна­луы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнер­кәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіп­орын­дарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналас­тыруға көмектесіңіздер деп тағы да айт­қым келеді. Сондай-ақ, 5–10 адамға ар­налған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады».

(Н.НАЗАРБАЕВ,

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан).

 Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Жуырда ғана Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартумен қатар, олар­дың өз мүмкіндіктеріне орай жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірін­ші орынбасары Бауыржан Байбек тиісті сала басшыларының қатысуымен Бірың­ғай қабылдау күнін өткізіп, жергілікті жерлердегі басшыларға мүгедектер мәсе­лесін жедел шешу, өтініш-тілектерінің дер кезінде орындалуын тапсырған еді.

Бүгінде бұл іс-шара Алматы қала­сын­да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Қазір «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында аптаның әр сәрсенбісінде мүгедектерді қабылдау өткізіліп, олардың мұң-мұқтажы ескері­луде. «Нұр Отан» партиясы жүктеген бұл тапсырмалар Алматы қалалық халыққа қызмет көрсету ойдағыдай орындалуда дегенді нық сеніммен айтуға болады. ХҚКО-ның ғимаратына келетін мүмкін­дігі шектеулі жандар ешқандай кедергі­лерге тап болмайды. Орталықтың бірінші қабатында пандустар мен шақыру нүктелері орнатылған. Ең айта кетерлігі, орталықта 9 мүмкіндігі шектеулі азамат халыққа қызмет көрсетіп, әріптестерімен тең дәрежеде қоян-қолтық араласып қызмет істеуде.

Өткен жылы орталықта мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып қызмет көрсететін көшпелі жұмыс тобы құрылған болатын. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінге дейін топ қызметкерлері 94 мүмкіндігі шектеулі азаматқа және жалғызілікті жандардың өтініштерін қанағаттандырып, тиісті құжаттарын рәсімдеп берген.

Күні кеше ғана орталықтың оңтай­лан­дырылған топ қызметкерлері Әуезов ауданында тұратын Нәсия Кәрімқы­зының өтінішін орындап қайтты. Мұндай қызмет түрін бұрын-соңды көрмеген Нәсия апай Әуезов аудандық ХҚКО-ның оңтайландырылған жұмыс тобының қызметіне алғысын білдіріп, қызметтерін өте жақсы деп бағалады.

Алматы қалалық ХҚКО мүгедектерді қоғамға ықпалдастыруда оларға тиесілі тең мүмкіндіктер жасау мәселелерін алдағы уақытта да назарда ұстамақ.

Ал бұл топтың жұмысын пайдалан­ғыңыз келсе, «1414» нөміріне телефон соғасыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *