«НҰРСҰЛТАН» ШЫҢЫНА ШЫҒАДЫ

Алматылықтар 7 шілдеде биіктігі 4376 метр болатын «Нұрсұлтан» шыңына шықпақ. Осылайша алматылықтар Аста­на күніне тарту жасамақ.

«Nur-Otan» өкілі «Алматы Спор­ты» әлеуметтік жобасы мен Алматы қалалық спорт басқармасы аталған Альпиниадаға қатысуға барлық альпинистер мен қонақтарды шақырады.

Бұл сапар жаңадан бастап келе жатқан спортшылар үшін 2А сана­тындағы күрделі сапар болмақ. Оған міндетті түрде альпинистердің қатысуымен баруға кеңес беріледі.

Тауға 12 жастан асқан балаларға да шығуға рұқсат беріледі. Бірақ қастарында ересек адамдар болуы шарт.

«Спортшыларға каска, қара көзілдірік, күннен қорғайтын крем, тауға киетін бәтеңке, желден қорғайтын костюм, шаңғы таяғы, ішіп-жейтін заттар алып шығу керек.

Жартасты учаскелерден тек каскасы мен сақтандыру құралы барларға ғана өтуге рұқсат беріледі.

Альпиниадаға қатысу үшін www.falp.kz сайтында тіркелу ке­рек. Алматы спорты сайтынан, 8 (727) 291 33 24, 8 747 380 47 81 теле­фон­дары арқылы  ақпа­рат алуға бола­ды» делінген хабар­ламада. Альпи­ниада бағдар­ламасы: Таңғы 05.30-да қатысу­шылар Медеу (1600 м.) — Шымбұлақ (2380 м.) — Талғар асуы (3200 м.) — Богданович мұздығы (3600 м.) — одан әрі Маршрут-1 немесе Маршрут-2 бойынша жыл­жиды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *