Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ТЕРРОРИСТІК ИДЕЯЛАРДЫ ҰСТАНАТЫНДАРДЫ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУ КЕРЕК

Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады

Akorda.kz хабарлағандай, кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қыз­метінің биылғы 6 айда ат­қарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тап­сырмалардың орын­далуы жөнін­де мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынас­тарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

– Шет елдердің арнаулы ор­ган­дарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Тер­рористік идеяларды ұстанатын­дарды, соның ішінде Сириядан ора­латындарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыс­тың негізгі бағыты саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ». 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *