Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Метро – қымбатқа түскен бiрегей, әсем жоба. Онда жаздыгүнi салқын, қыста жылы

Думан АНАШ

Өткен сенбiде Елорда төрiнде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қуатты Қазақстанды бiрге көркейтемiзө» атты жалпыұлттық төртiншi телекөпiр өттi. Мемлекет басшысы online желiсiнде елдiң барлық аймақтарымен тiкелей байланысқа шығып, өңiрлердегi озық өндiрiстердi iске қосты.Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегi кешенiнде өткен салтанатты кештi Марат Мұхамедсәлиев пен Майя Веронская жүргiздi.

Мемлекет басшысы өзге өңiрлер арасында Алматы қаласының Индустриялық картаны жүзеге асырудағы жетiстiктерiне жоғары баға берiп, қала халқын Тәуелсiздiктiң 20 жылдық мерекесiмен құттықтады. Айта кетейiк, алматылықтар Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы мерейтойына тарту ретiнде метроны iске қосқаны мәлiм. Шаһар басшысы Ахметжан Есiмов телекөпiр барысында Президентке тұңғыш метроның жұмысындағы алғашқы аптаның нәтижесiн қуанышпен жеткiздi.

«Дәл қазiр тiкелей байланыста, Тәуелсiздiгiмiздiң алтын бесiгi – Алматы», – деген жүргiзушiнiң хабарлауынан соң елiмiздегi ең iрi мегаполистiң тынысына қысқаша тоқталған бейнематериал көрсетiлдi.

«Алматы қаласының экономикасын өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласы құрайды. Аймақтық жалпы өнiмнiң бестен бiр бөлiгiн осы салалар қамтамасыз етедi. Елiмiз аумағындағы барлық банк операцияларының 70 пайызы, ел бойынша түсетiн салықтың 20 пайызы, жеке және көтерме сауда операцияларының 50 пайызы Алматыға тиесiлi. Және Алматыда кәсiпкерлiк саласы тауардың үштен бiр бөлiгiн шығарады. Тәуелсiздiк жылдарында машина жасау, химия және тамақ өнеркәсiбi бойынша 50-ден астам кәсiпорын ашылды. Олардың iрiлерi — «Белкамит», «Қазстройстекло», «Маслодел», «Алматы ашытқы зауыты», халықаралық санаттағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты бой көтердi. Елiмiздiң жалпы iшкi өнiмiндегi Алматының үлесi 3 есеге өстi. Президенттiң Индустрияландыру бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда 13 жоба iске қосылды. Жүзеге асқан жобалар құны 222 млрд. теңгенi құрады. 2000 жаңа жұмыс орны ашылды. Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында Алматыда жерасты көлiгi пайдалануға берiлдi. Қазақстандағы тұңғыш метроны Елбасы салтанатты түрде ашты. Метро жұмысының алғашқы аптасында 100 мың жолаушы тасымалданды. Қала тұрғындарының қозғалысы анағұрлым жақсарды», – дейдi тiкелей желi барысында көрсетiлген бейнекөрiнiсте.

Осы сәтте эфирде Алматы метросының «Алатау» стансасындағы жолаушылар және қала Әкiмi Ахметжан Есiмов бой көрсетiп, метроның жай-жапсары туралы әңгiмеледi.

— Құрметтi Елбасыө Сiздi және барша отандастарымызды Тәуелсiздiктiң 20 жылдығымен құттықтауға рұқсат етiңiзө Индустрияландыру картасы бойынша бiздiң қаламызда 258 млрд. теңгеге бағаланатын 28 жоба жүзеге асырылуда. Оның iшiндегi ең маңыздысы болып, Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы саналады. Алматы метросы өткен аптада Сiздiң қатысуыңызбен пайдалануға берiлдi. Бұл – жүрдек, заманауи, экологиялық тұрғыдан таза көлiк түрi. Алматылықтар транспорттың бұл түрiн бiрден ұнатты. Күнделiктi метроны 34 мың қала тұрғыны пайдалануда. Бiрегей метрополитеннiң құрылысы мен iске қосылуы барысында сiздiң жеке қолдауыңыз айрықша сезiлдi. Осы қамқорлығыңыз үшiн алматылықтар сiзге шын жүректен алғыс айтуда! – дедi Ахметжан Есiмов.

Елбасы осы орайда өз ризашылығын бiлдiрiп, жерасты жолының барлық мезгiлде жәйлi екенiн жеткiздi.

«Алматылықтарды метроның iске қосылуымен құттықтаймынө Мен барлық стансаларды аралап көрдiм. Бұл – қымбатқа түскен бiрегей, әсем жоба. Онда жаздыгүнi салқын, қыста жылы. Бiз метрополитеннiң құрылысын одан әрi жалғастыратын боламыз. Бұл қаланың экологиялық ахуалын жақсартады. Және Қазақстанда өз метросы бар қаланың болғаны да бiз үшiн қуанышты. Барлық алматылықтарды келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, сәттiлiктер, бақыт, береке, бiрлiк тiлеймiнө Шаһар басшысы алға қойылған мiндеттердi сәтiмен жүзеге асырып келедi. Сондықтан, қала басшысын да құттықтаймын! Тек жақсылықтар болсын!», – дедi Президент.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *