НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: БҰЛ ДҮНИЕДЕ БІЗДІҢ БІР ҒАНА ОТАНЫМЫЗ БАР, ОЛ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН!

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент  күні

Бұл тұжырым бүгінде ел ара­сында қанатты сөзге айналып кет­кен Елбасы ой-орамдарының сана­тындағы ұшқырлықтың биік шыңы десек те болар. Ол  ширек ғасырдан бері  көп этносты  мем­лекеттің ұлттық мүдде жолын­дағы бірлігіне, ұлтаралық жарас­тыққа  үнемі  басымдық беріп келеді. «Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан ұлттық идеялар жүзеге асқан емес» деп, «елдік тұтас­тыққа жік түсіретін, ағайын арасын суытатын қадамдардан аулақ болуды» аманаттап  келеді. «Қа­зақ­станда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейін­ше» жұмыстың да ілгері баспай­тынын әрбір қазақстандыққа құ­лақ­­қағыс етеді, «ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да  көздің қарашы­ғын­дай сақтай білу керектігін» ескер­теді.

«Қасиетті қазақ жері – ата-баба­ларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер» дейді Елбасы. Қазақ  Елінің  арғы-бергі тарихының ең ғиб­ратты тағылымы «ата-бабала­ры­мыздың бізге бірліктің, ынтымақ­тың, тұтастықтың ұлы үлгісін көр­сетіп кеткендігінде» екендігін еске салады. «Қазақтың ұлттық рухы оның ерлігінде жатқандығын», «Рухы еркін халық қана ұлы істер­ді атқара алатынын» айтып, баба­ларымыздың асыл қасиеттерін жаңа заманға сай жарасымды жал­ғастыруға шақырады. «Өткен­нің өнегесін – бүгінгінің баға жетпес байлығына» теңеп, «…Дау­ға салса — алмастай қиған, сезімге салса — қырандай қалқыған, ойға салса — қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!»,  – деп сыр ақтарады.

Бұл ой-толғаныстардың аста­рында ата-бабалар рухына, Тәуел­сіздік мұраттарына, ұлттық руха­ният пен салт-санаға, дәстүрге,Ана тілімізге  деген құрмет бар, заман­дастарымыз бен жас ұрпақты елдік мұраттарға  қайрау  бар…

Бүгінгі мерекеде  біз  оқыр­ман­дарымыздың назарына  Тұңғыш Пре­зидентіміздің  ел арасына тарап кеткен Отан, Тәуелсіздік, Қазақ тілі,  ұлттық мүдде мен ел бірлігі,  жер тұтастығы, ұлтаралық  жарас­тық  жайлы осы тақылеттес жан тебіреністері мен  ғақлиялық пайымдауларынан әзірленген  тағылымдық топтаманың бір парасын   ұсынып отырмыз.

Біздің Отанымыз біреу, Тәуелсіз­дігіміз – біздің басты байлығымыз, оны әрбір азамат көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.

***

Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз­дікке қол жеткізіп, Ұлы дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық.

 

***

Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республи­ка­ның жер бетінде барлығы үшін тарих­тың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз.

 

***

ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін.

 

***

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

 

***

Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, өзін қамшылауға тиісті

 

***

Ұлттық  намыс  –  ұлы  ұғым!

 

***

Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ.

 

***

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

 

***

Мемлекетіміздің діңгегі — қазақ халқы. Ел де, жер де — қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.

 

***

Ең бастысы, тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы талай теперішті көрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз — осы.

 

***

Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың сан ғасыр­лық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.

 

***

Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі — тарихи Отанына оралған ағайын, ең алдымен, «Қазақ­станым маған не береді?» деп емес, «Мен Қазақстаныма не беремін?» деп ойланғаны да дұрыс болар еді.

 

***

Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі — қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

 

***

Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемел­дендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшы­лауы керек.

 

***

Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан — Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді.

 

***

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.

Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.

Сол күнге берік сенім бар!

 

***

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.

Бар байлығымызды өзімізге бұйы­ратын еттік.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.

Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.

 

***

Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да, аты бар да заты жоқ мемлекет емес, бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған, мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.

 

***

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл — азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл — бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.

 

***

Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласы­ның бірде-бірінің пешенесіне бұйыр­маған бақытты — толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақы­тын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.

 

***

Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игіліктерді сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттігімізді нығайту және дүниежүзілік қауым­дастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр.

 

***

Ана тілін армансыз бойға сіңірі­ңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттау­лы жатыр.

 

***

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

 

***

Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі — тіл.

***

Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.

 

***

Әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі керек. Болмаса басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз?

 

***

Ана тілі — бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы.

 

***

Ана тілін қадірлеу — әр азаматтың перзенттік парызы.

 

***

Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас.

 

***

Қиын кезеңдерде ұлтты қожырат­паудың қуатты қаруы болған қазақ тілі — бүгінгі өмірімізде де ұлтты тұтас­танды­рудың тегеурінді тетігі болуға тиіс.

 

***

Ана тіліміз — бізді ғасырдан-ғасыр­ға, заманнан-заманға аман жеткізген бірден-бір арымыз да, нарымыз да.

 

***

Бізге Ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз жоқ.

 

***

Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мық­тап игерсе, ол — білім. Ол шет ел тілін­де сөйлесе — тіпті жақсы. Бірақ он шет ел тіліне орап, ана тілін тұншық­тырып, көміп тастаса — ол кешірілмес күнә.

 

***

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.

 

***

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылы­мы, міне, осында.

***

Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес, ала алған емес, қазақ әлсіресе — алауыздықтан әлсіреген, күшейсе — бірліктен күшейген.

***

Ұлылар қашан да халықты рухани асылдандырып отырған.

***

Ұлылардың ұлағатын ұмытпау — ел боламыз деген халықтың тарих алдын­дағы парызы.

 

***

Ұлтымыздың зиялылары — халқы­мыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары, қоғамымыздың әділ қазысы.

 

***

Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республи­каның жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыз­дармыз.

 

***

Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі — қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

***

Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемел­дендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшы­лауы керек.

 

***

Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын.

 

***

Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән.

 

***

Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті — қазақ мәдениеті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *