Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ӨЗ АЗАМАТТАРЫНА ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖҮРГЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН ӘРДАЙЫМ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан  азаматтарын  Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты  мәлімдеме  жасады.

«Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды.Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ»,  – деді Мемлекет басшысы.

Президент атап өткендей, олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізетін болады. Ал Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсетеді. «Біздің негізгі міндетіміз – еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз»,– деп тұжырымдады Нұрсұлтан Назарбаев.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *