Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: АСТАНА – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ОРЫНДАЛҒАН ҮМІТІ МЕН АРМАНЫ

 

Мыңдаған жылдар бойы ата-баба­мыз мекен еткен қасиетті қазақ жерінің бір бөлігін – аяулы Сарыарқаны саяси саудаға салып, дархан даламызды дау-дамайға айналдырғысы келетіндер бар кезде, солтүстіктегі шұрайлы өңірге суық көзінің сұғын қадайтындар бар кезде біз мына жылы жерде, әсем қала Алматыда тыныш отыра алмас едік.

***

Астана дегеніміз мемлекеттің орта­лығы ғана емес, орталық биліктің шоғырлануы да емес. Ол ең алдымен мемлекет дамуының векторларын айқындайтын және қоғамды жаһандық үрдістерге сәйкес құрылымдауға мүмкіндік беретін геосаяси түзілім.

***

Астана сөзінің өзінде киелі ұғым бар. Ол біздің арман-тілегіміздің нақты жүзеге асуының белгісі. Бұл даланың көгінде талай ондаған жылдар бойы бостандық пен тәуелсіздік идеясы қалықтап жүрген, ол өз жеріне шексіз берілген адамдардан күш-қуат алған.

***

…Астана өзінің өмір сүруі мен мақсатына орай толық ұтымдылығына және прагматизміне қарамастан, өзінің бойына талай қасиетті, кейде тіпті мистикалық жүктемені де сіңіреді.

***

Астана – бұл бүкіл қоғамның ереже-тәртібі мен салт-дәстүрі, мінез-құлық құрылымдары қалыптасатын жер.

***

…мәдениет – астанада, саясат – провинцияда жасалады. Бірақ саясаттың бастау-бұлағы астана болатын сияқты, мәдениеттің мәйегі әрдайым провинция болып қала береді.

***

Мемлекет – кіші шахмат тақтасы, ал Астана король.

***

Астана – бейне қауыз жарып келе жатқан көп гүлді, мол жапырақты өсімдік тәрізді, байтақ Сарыарқа төріндегі жеке-дара жап-жасыл жазира. Сондықтан мен Астананың дамуы – Қазақстанның дамуы деген қарапайым да ұғынықты өркендеу формуласын ұсындым.

***

Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі.

***

Аз ғана уақыттың аясында Астана қазірдің өзінде елдің осы заманғы ірі тез дамушы қаласына айналды. Ол еуразиялық кеңістікте үлгі тұтарлық астанаға айналып, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізі бола алады.

***

Астананы ауыстыру – тек егемен­дікті орнықтыру мен Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің символы ғана емес. Бұл ХХІ ғасырға дейінгі стратегиялық қадам – еуразиялық кеңістікті игеру, еуразиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қадам. Бұл келесі ғасырда біздің бүкіл алып құр­лығымызды тұтас қамтитын аса күрделі геосаяси және геоэкономикалық үде­ріске кірігу.

***

Астана келбеті – ұлт келбеті. Астана – Отанымыздың жүрегі.

***

Астана біздің үмітіміздің симво­лына, өз күшімізге деген сенімнің символына, болашақтың символына айналды.

***

Қазақ этносы қалыптасқан Дешті Қыпшақтың ежелгі жерінің қақ жүре­гінде орналасқан ел астанасы бүгінде номадтардың сан ғасырлық тарихи көшінің діттеген жеріне келіп тоқтауы, ұлттың кеңістік-тарихи ұйытқысының орнықты өлшемдерін анықтау сынды әсер етеді.

***

Астана қазірдің өзінде жай елорда емес, ол енді еуразиялық интегра­цияның елордасы ретінде көрініп отыр. Нақ осы Астана өңірлік даму бойынша жаңа идеялардың, көзқарастардың, нақты бағдарламалардың генераторы болуда.

***

Адамдар белсенді өмірлік айқын­дама, білім мен еңбекқорлық, отаншыл­дық пен туған елдің қамын ойлау Қазақ­станда нағыз табысқа және игілікке жеткізетінін көрді. Бүгінде біздің елімізге дәл осындай қасиеттер керек. Астана дәл сондай қасиеттерді қалып­тастырып жатыр.

***

Астана – бұл осы заманғы аса ірі геосаяси жоба, ол Қазақстан туралы түсінікті өзгертеді.

***

Қалалар бірден пайда болмайды. Әр ұрпақ қала тарихына өз жолдарын жазады. Олардың еңбегі терең құрметке лайық.

***

Астана – Қазақстан халқының орын­далған үміті мен арманының көрінісі. Астана – Қазақстан халқының біз бірлесе құрып жатқан болашағына көпір.

***

Әр мемлекеттің өзінің рәміздері бар, оларды айтқан кезде азаматтардың жүрегі бұлқына соға бастайды, ал жанын өрлік пен мақтаныш кернейді.

Біз үшін осындай рәміз – Астана.

***

Біз ғасырлар тоғысында тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміз­дің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты.

Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзіне өзімізді – келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық.

***

Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отыр­ған рухани ордамызға да айналып отыр.

***

Астана – Қазақстанның жаңаруы­ның нышаны, оның көп ұлтты халқы­ның жасампаз күш-қуатының куәсі.

***

Астана – ұлттық жетістік. Ол – жалпымызға ортақ табыс. Мерейтой халықты тұтастыратын, біріктіруге қызмет етуі тиіс.

***

Бозоқ орта ғасыр қаласын Ақмо­ланың тікелей бабасы деп санауға болады. Ал оның ең соңғы ұрпағы қазіргі заманғы Қазақстан астанасы – Астана болып табылады.

***

Астана жаһандық конфессияаралық үнқатысудың орталығына – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің орталығына айналды. Осынау бірегей форум түрлі халықтардың арасындағы өзара түсіністік пен әріптестікке қызмет етеді.

***

Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда, жаңа елордаға арналған менің ойларым мен істерім – бәрі-бәрі осында.

***

Астана – Қазақстанның жаңаруы­ның нышаны. Оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *