«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Жас отбасыларға арналған тұрғын үйі» бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

2019 жылғы 11 және 12 сәуір аралығында Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде «Жас отбасыларға арналған тұрғын үйі» бағыты бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі аясында «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.e-gov.kz) (бұдан әрі – портал) арқылы өтініштер мен құжаттар қабылдайды.

Веб-портал арқылы құжаттарды өткізу үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде  (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

Алатау ауданының «Алғабас» және «Саялы» шағынаудандарынан сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін 33 бір бөлмелі пәтерлерді іске асыру жоспарлануда.

Бір шаршы метрді сатып алудың бағасы 120 000 теңгені құрайды.

Кемінде екі жыл некеде тұрған, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде) жас отбасы, сондай-ақ, балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы жас отбасыларға арналған тұрғын үй алуға үміткерлер болып табылады.

Жас отбасыларға арналған тұрғын үй алуға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

2) өтініш берген күнге соңғы екі және одан да көп жыл тіркеуде болуы ескерілетін Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, тұру мерзіміне қарамастан, қатысушы тұрғын үй алуға үміттенген елді-мекенде тұрақты тіркеуде болуы;

3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ, отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының өзге де мүшелерінің:

әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуын;

осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі) жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы;

4) өтініші берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ, отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

5) тиісті табыстармен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.

Жас отбасыларға арналған тұрғын үйді өткізу мынадай тәртіппен пулдар қалып­тастыру арқылы жүзеге асырылады:

1) мынадай өлшемшарттар бойынша есептелетін балдардың ең көп саны бойынша үміткерлер тізімдерін тиісінше қалыптастыра отырып, үміткерлерден пәтерлердің белгілі бір типтеріне өтініштерді және құжаттарды қабылдау:

бірінші бала үшін – 20 балл, екінші және кейінгі әрбір бала үшін 30 балл;

мүгедек болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тіз­беге сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;

«жас отбасы» санаты бойынша Тұрғын үй құрылысының 2005–2007 жылдарға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде өтініш берілетін орын бойынша бұрын қатысқан және белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, салынған үйден тұрғын үй алушылардың тиісті тізіміне енгізілмеген үміткерлер үшін – 5 балл;

жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл;

2) үміткерлердің Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізе отырып, үміткерлер қатарынан пәтерлер түрлерінің санына мөлшерлес болатын одан кейінгі бөлек қалыптастыру, оның ішінде олардың төлем қабілеттілігін бағалау және Бағдарламаның өзге де бағыттары бойынша өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің қатысу фактілері бойынша рәсімдерден өтуі.

Бағдарламаның пулына қосу кезектілігі жинаған балдың санымен айқындалады. Балл тең болған кезде өтініш беруші жұбайының біреуі мемлекеттік қызметшіге не бюджеттік ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне жататын отбасы басымдыққа ие болады.

ЖАО-ның жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйін алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
  2. өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекен-жай анықтамасы;
  4. неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
  5. өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелері­нің  Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
  6. жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ, аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
  7. өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;
  8. жалақы туралы анықтама;
  9. кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;
  10. меншікті қаражат және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігі туралы өтініш;
  11. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар;
  12. өтініш берушінің және/немесе өтініш беруші жұбайының (зайыбының) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс орнынан анықтама;
  13. отбасы мүшесінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрін растайтын анықтама;
  14. өтініш берген күнге кемінде соңғы екі және одан көп жыл Алматы немесе Астана қалаларында тұру фактісін растайтын құжат;
  15. өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) «кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар» мәртебесін растауына арналған құжаттар;
  16. Тұрғын үй құрылысының 2005–2007 жылдарға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламалары шеңберінде «жас отбасы» санаты бойынша өтініш берілетін орын бойынша қатысу туралы және белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде салынған үйде тұрғын үй алушылардың тиісті тізіміне енгізілмегені туралы мәліметтер;
  17. Тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды және тиісті ЖАО-ның шешімі.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *