«Нұрлы жер» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды

Елімізде тағы бір бағдарлама қанат қақты. Онда алдымен баспанаға қол жет­кізу үшін үміткердің табысы назарға алы­нады. Түсінікті тілмен айтқанда, бұл жаңа жобада «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүргізу» бағдарламасы бойынша баспа­наға қол жеткізу үшін үміткердің табысы басты назарға алынатын болады. Мысалы, бір отбасы мүшесінің табысы 29 700 теңге болатын болса, онда мұндай жанұяға үй сатып алу құқығы ешқандай міндетте­месіз-ақ жалға берілетін болады.

Әрине,  еліміздегі «Бақытты отбасы» бағдарламасы да бұрынғыша жұмыс істей беретін болады. Бірақ ол бойынша отба­сындағы бір адамның тапқан табысы айына кем дегенде 59 400 теңге болуы шарт екен. Ал егер оның табысы жоқ дегенде 92 мың теңге болатын болса, онда ол адам әкім­діктердің «5-20-25» несиелік баспаналарына үміткер бола алады.

Бұл ретте олардың қатарына әскерилер мен бюджеттік және мемлекеттік қызметшілер кіреді екен. Ал егер оның айлығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 3,1 есеге көп болатын болса, онда оған «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болуға мүмкіндік бар. Осы орайда орташа табысы айына 148 мың 500 теңгеден асатындар «Орда» несиелік ипотекалық компаниясы, «Баспана-хит», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пәтер алуына болады. Осылай кезекті ашық түрде көріп отыру үшін қазіргі таңда республикалық кезекте тұрған адамдардың базасы енгізілу үстінде. Әрі бұл жүйедегі ақпаратты кезекте тұрған азаматтардың барлығы да көре алады.

Атап айтқанда, қазіргі таңда еліміздегі баспана алуға арналған бағдарлар мына­лар:

«Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүр­гізу» – 1 отбасы мүшесі – 29 700 теңге;

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойын­ша 1 отбасының мүшесі үшін орта есеппен – 59 400 теңге;

«5-20-25», «7-20-25» бағдарламалары бойын­ша 1 отбасы мүшесі үшін – 92 000 теңге;

Бұдан басқа «Орда» несиелік ипотекалық компаниясы, «ТҚЖБ», «Баспана-хит» жобасының 1 отбасы мүшесі – 148 500 теңгеге баспаналы бола алады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *