«Нұр Отанның» бүлдіршіндерге тартуы

Рая ЕСКЕНДІР

 

«Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы қалалық «Жас Отан» жастар қана­тымен бірлесе отырып, пар­тияның «Бақытты отбасы – бақытты бала­лық шақ» деп аталатын жобасы аясын­да бүлдіршіндерге керемет қуаныш сыйлады.

«Арман» кинотеатрында жиналған аудан­дағы әлеуметтік аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы және мүмкіндігі шек­теулі балақайлар мультфильм тамаша­лап қайтты. Ертегіні жақсы көрмейтін бала жоғы белгілі. Үлкен экран арқылы өздері жақсы көріп, қызыға тамашалай­тын мультфильмдерді көрген балалардың қуанышы өз алдына, сонымен қатар, түрлі фокусниктер де өнерлерін аяп қалмады. Бүлдіршіндерге тегін балмұз­дақтар да таратылды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *