Нұр құйған Нұрғиса

«Абоненттiк концерт» Қазақстанда алғаш рет Ермек Әбiлдаевтiң ұйымдастыруымен өттi. Қортынды концерт «Дархан дарын Н.Тiлендиевтiң шығармалары» деген тақырыпта болды.

Н.Тiлендиев поэма, балет, пьеса, увертюра, жеке домбыраға күй, жеке дауысқа ән де жазды. Әдетте, музыканың барлық саласында еркiн көсiлу әркiмнiң қолынан келе бермейтiн күрделi iс. Бұл ерекше дарыны бар жандарға тән қасиет. Халық фольклорының бұлағынан сусындаған Н.Тiлендиев сирек кездесетiн талант, дарынды суреткер. Көптеген фольклорлық аспаптардың сан түрлi бояуы, жан жүректi елжiрете, сезiмге батыратын сиқырлы күйлерiмен, қазақ елiнiң абыройын асқақтатты. Нұрғиса әндерi халыққа жақын халық әндерiндей тез жатталады. Нұрағаң әндерi көңiлге желпiнiс әкелдi. Мырзатай Жолдасбековтың сөзiмен айтқанда: «Көзiмiз көрген өнердiң даналары мен көсемдерi: қара сөзде М.Әуезов, ақындықта М.Мақатаев, музыкада Н.Тiлендиев. Аты аңызға айналған өнер қайраткерi болса, бiрi Б.Момышұлы, бiрi Н.Тiлендиев.

Қазақ даласын сахнаға айналдырып, сазға бөлеген сазгер, музыка өнерiнiң ашылмай кеткен жұмбағы, шешiлмей кеткен сыры, таусылмайтын кенi, тот баспайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтiн шырағы, бармағынан бал тамған арқалы домбырашы». Бесiншi сыныпта оқып жүргенде А.Жұбанов Нұрғисаны қолынан жетектеп келiп, Қ.Жантiлеуовтiң қасына отырғызып, оркестр құрамына қабылдайды. Кейiннен Латиф Хамидидiң үйретуiмен дирижер болады.

Нұрғиса әкесiнен күй, шешесiнен ән тыңдап, көкейiне тоқи жүрiп, бойына әдептiлiк қасиеттердi дарыта бiлдi. Халқымыздың ақындық, әншiлiк, шешендiк, күйшiлiк, сазгерлiк рухы, бiр басында тоғысқан, жаратылысы бөлек дарын иесi.

Дидар ТАСЫБАЕВА,

ҚазҰУ журналистика факультетiнiң 2 курс студентi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *