Н. Назарбаев: Біздің өсіп-өнуіміз экономикамыздың тұрақтылығына байланысты

18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы кең ауқымда өткендігінен бәріміз хабардармыз. Жылына бір мәрте елімізді тұрақты мекендейтін түрлі этнос өкілдерін бір ортаға жинай­тын құрылтайда Мемлекет басшысы, Ассамблея төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы еліміздегі тұрақтылық, ха­лықтар достығы төңірегінде ерекше толғанды, Ассамблея мүше­лері алдына бірқатар міндеттер қойды. Сонымен қатар, ел ертеңі – жас­тарды патриоттық рухта тәрбиелеуді де айрықша тапсырған еді. Біз сол сессия жұмысына қатысып келген қалалық Ассамблея мүше­леріне хабарласып, құрылтайдан алған әсерлері жөнінде сұраған едік.

569

Асылы ОСМАНҚЫЗЫ,

қазақ тілінің жанашыры, ғалым:

– Президентіміздің осы ұлттар ұйытқысы Ассамблеяны құрудың бірінші кезектегі мақсаты – елімізді мекендейтін көптеген этнос өкілдерінің бірлігі, татулығы екендігі белгілі. Әрине, мен сияқты әзірбайжан қыздары бар аз ұлтқа бұл үрдіс өте жақсы. Өйткені, саны кемшін этностар өз мүдделерін осы ұйымда қорғауға, тарихи тамырын зерттеуге мүмкіндік алады. Мен, бұл біздің Елбасы­мыздың тапқырлығы, кемеңгерлігі деп айтар едім.

Сессия барысында мақтау сөздер мен мадақтаулар аз айтылған жоқ. Алайда, қоғамдағы қазіргі таңдағы қайшы­лықтар да айтылуы тиіс еді деп санаймын. Жақсылығымыз бен жетісті­гімізді ешкім тартып алып кетпейді. Ал жетпей жатқан жеріміз осындайда талқыға салынбаса, енді қайда айтылуы керек? Біз осы елді мекендейтін аз ұлттар, ең алдымен, қазақтарға алғыс айтып жүруге тиіспіз, әрқашанда. «Елде болса ерінге тиеді» демей ме, қазекеңдер. Кең халықты сыйлағанымыз жөн. Ана тілін, әсіресе.

 

Ершат АСМАТОВ,

«Ұйғыр Авази» газетінің бас редакторы:

– Шынымды айтсам, Елбасымыздың аталы сөзі көп нәрсеге терең үңілуді меңзеді, мен үшін тіпті, тебірентті десем де болады. Иә, бізге қазіргі күні әлемде болып жатқан өзгерістерге жіті назар салу қажет және олардың қателіктерінен сабақ алуға тиіспіз. Мұны Мемлекет басшысы жеріне жеткізе айтып берді. Сондай-ақ, Еура­зиялық экономикалық кеңістіктің болашақта бізге неге қажет екендігін әбден түсіндірді. ХХІ ғасырда интеграция үрдісін жетіл­дірмесек, көрші елдермен бейбіт тату тұрмасақ, жақын келешектің бәрі бос екеніне көз жеткіздік. 2010 жылдан бері Кеден одағындағы мемлекеттермен тауар айналымы 24 млрд. теңгеге жетіп, ал сол Ре­сей мен Беларуссияға 6 млрд. теңгенің өнімін экспортқа шығарып­пыз. Бұл өте жоғары көрсеткіш, айналдырған 3 жыл ішінде.

Берік СӘДУАҚАС

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *