МЫҢ ЖАСАҒАН ШАҺАРДАҒЫ ҚҰРБАН АЙТ

74ерекше ықыласпен және мейірімділікпен тойланды. Алматы қаласы бойынша 117.500-ден астам адам Құрбан айт намазына қатысты. Әлеуметтік  жағдайы төмен 2431 отбасы мен 12 мемлекеттік мекемеге құрбандық еті таратылды

Исі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналған Құр­бан айт мерекесі де аяқ­талды. Раббысы­ның разы­лығы үшін құрбандық ша­лып, құлшылық жасаған­дардың бұл мерекені енді бір жыл бойы сағына күтері анық. Мерейлі мерекенің мейірін сезінген мұқтаж  жан­­дар да бұл күндерді мейір­лене еске алатын болады.

Әнас ибн Мәліктен риуаят етілген хадисте «Расулла Мединеге келгенде қала тұрғындарының ойнап-күлетін екі мейрамы бар болатын. Пайғамбарымыз: «Бұл қандай күн?» — деп сұрады. Олар: «Иә, Расулла, бұл біздің жаһилиет заманындағы ойнап-күлетін мейрамдарымыз еді», — деп жауап берді. Содан кейін Пайғамбары­мыз: «Шынында, Ал­ла Тағала екі мейрамды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды. Ол — Ораза айт пен Құрбан айт», — деді. Аталмыш күннен бастап мереке боп тойланып келе жатқан бұл мейрамдарды сан ғасырдан бері мұсылмандықты ұстанып келе жатқан ата-бабаларымыз да өз деңгейінде тойлап отырған.

Қазіргі таңда атадан қалған асыл мұра ретінде Құрбан айт мерекесі құрметіне демалыс жарияланып, үлкен деңгейде аталып өтуде. Бұл біз үшін бір илаһи сый екені даусыз. Осыған орай айтулы мерекені қаламыз да әр жыл сайын тойлап отыруды дәстүрге айналдыруда. Үш күннен бері Алматы қаласының жұрт­шылығы мен мешіттері түрлі деңгейде бұл мерекені ерекше бір ынтамен тойлады. Той барысында  ел бір-бірін құттықтап, қа­сиетті күнді намаз оқудан бас­тады. Алматы қаласы бойынша 117.500-ден астам адам Құрбан айт намазына қатысты. Құдай Тағала алдындағы құлшы­лықтарын орындап болғасын, құрбандық­тарын шалып, мере­келік дас­тарханнан дәм ауыз тиді. Сонан соң қала мешіттерінің ұйыт­қы болуымен мешітке келген жамағаттар ұлттық ойын түр­ле­рінен бәсекеге түсіп, арнайы дайын­далған шараларды қызық­тады.

Қазақ хандығының 550 жыл­дық мерейтойы қарсаңында Ал­маты Орталық мешіті өткендерге хатым Құран бағыштап, қала мешіттерінің жамағаттары ара­сын­да кіші футболдан жарыс өткізді.

Тартысқа толы ойынның нәтижесінде Наурызбай ауданы 1- орынды иеленсе, 2-орын Түрксіб ауданы командасының еншісінде, ал жарыстың 3-орнына Медеу ауданының командасы тұрақ­тады. Бірінші орынды иеленген командаға 60 мың теңге көле­мінде, екінші орынға 40 мың теңге, ал үшінші жүлделі орынға 20 мың теңгеден сыйлық берілді.

Мереке барысында балалар үйі де ескеріліп, Алматы қалалық №1 балалар үйіне Орталық мешіт шәкірттері арнайы сыйлықтармен барып, балалардың жүзіне күлкі ұялатты.

Әуезов ауданы «Таугүл-3» пен «Музаммил» мешіттері Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ақ дастархандарын жайып, бала­ларға арналған арнайы шаралар өткізіп, Құрбан айт қарсаңында бүлдіршіндерді мәз-майрам етті.

Қала бойынша шалынған құрбандық еті әлеуметтік жағдайы төмен 2431 отбасы мен 12 мем­лекеттік мекемеге (қарттар, бала­лар, мүгедектер үйі) таратылды.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *