«Мысық балаң болмасын деп тілейді» деген түсініктің негізі бар ма?

Ассалаумағалейкүм! «Жаңадан отау құрған екі жасқа мысықты көп сипалауға болмайды», – дейді.  Көп сипалай берсе, жаңа отау құрған екі жасқа мысық: «мені ғана аялаңдар, балаларың болмасын» деп тілейді екен. Осы әңгіменің шариғатта негізі бар ма?

 

  Бауыржан.

Уағалайкүмассалам уа рахматуллахи уа бәракәтух!

Ешқандай жан-жануар адам баласына жаман тілектер тілемейді. Ондай тілектер тілеу үшін сана керек, ақыл керек. Ал олар­да ол жоқ. Оның орнына инстинкт беріл­ген.

Шариғатта  мысықтың әлгіндей қарғап жүретіндігіне ишара еткен дерек кездес­пеген. Керісінше, дінімізде үй ішінде мысық асырауға рұқсат етіледі. Үкімі му­бах. Ерікті іс. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мы­сықтарды «тәууәф», яғни «үй ішін кезіп жүруші» деп атап, ол тиген ыдыс-аяқтың былғанбайтындығын мең­зеген.

Мәселен, сахаба Әбу һурайраның кіш­кентай мысығы болған. Ардақты сахаба қайда барса, ол да сонда барып ілесіп жү­реді екен. Әбу һурайра оны тамақ­тан­дырып, сусын беріп, сипалап, жұм­сақтық танытатын көрінеді.

Бір сөзбен айтқанда, «мысық балаң болмасын деп тілейді» деген түсінік негізсіз.

 

 Дайындаған – Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *