Ғұмыры ұзақ, денсаулығы мықты болсын!

Арман ЖҮДЕБАЕВ,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Коронавирустың әлемді шарпып, дүрбелеңге салғанына жарты жылдан асса, елімізде індетке қарсы нақты шаралардың қолға алынғанына да үш айдың жүзі болыпты. Кеше әлеуметтік желілерден Тұңғыш Президентіміз – Елбасының коронавирусқа тапсырған тесті өкінішке орай оң нәтиже көрсеткені мәлім болғанын оқып, қатты алаңдап қалдым. Елімізді, ұлтымызды  әлем алдында мойындатқан  Нұрсұлтан Әбішұлының  тез сауығып  шығуына тілектеспін.

Биыл мерейлі 80 жасты еңсергелі отырған Елбасымыздың дертіне шипа, деніне саулық тілеймін. Бүкіл ғұмырын ел басқару ісіне арнаған тұлға мол тәжірибесімен ел болашағы үшін әлі де талай уақыт қызмет етеді деп сенемін. Ғұмыры ұзақ, денсаулығы мықты болсын! Қасиетті топырағымыз тыныш, еліміз аман болып, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Қауіпті дертке шалдыққандар саны елімізде саны күнбе-күн артып келе жатқаны да алаңдатады. Алайда әрбір азамат үмітсіздікке бой алдырмай, әрі сақтық шараларын жауапкершілікпен қолға алғаны абзал деп ойлаймын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close