МЫҢ АЛҒЫС, СІЗГЕ МҰҒАЛІМ!

Алматы қаласының білім жүйесі қызметкерлері өздерінің төл мереке­лерін жарқын жүзбен, көтеріңкі көңілмен атап өтті. Тау етегіндегі Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайындағы өздеріне арналған мерекелік жиынға келген әрбір ұстазды шоқ-шоқ гүл ұсынып қарсы алған шәкірттердің тілегі де тамаша. Осылайша босағадан басталған бақытты сәт үлкен залға енгенде де жалғасын тапты.

Үлкен экраннан мектеп пен мұға­лімнің жұлдызды сәттері бенеленген бейнебаяндар арқылы тынымсыз Алматының тіршілігі айқын көрініп тұрды. Шаһар басшысының құттық­тауын қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жеткізіп, барша мұғалімдер қауымын құттықтады. Ұзақ жылдар бойы жас ұрпақ тәр­биелеуде жемісті еңбек еткен байыр­ғы білім саласының қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді. Осыдан соң білім саласының қызметкерлері өздеріне арнап ән салған Мирас пен Құралай, Зарина Омарова, Мәдина Сәдуақасова, Нұрболат Абдуллин, Абай Бегей, Айгүл Бабаева, Әсет Балғазин, «Меломен» тобының өнерлерін тамашалады.

Танымал өнер иелері өздерінің өнерімен бірге жылы лебіздерін де білдіріп, ұстаздарға құрмет көрсетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *