МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ОТАНЫМ!

dsc01772

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Өткен жылдан бастап   белгіленген  «Алғыс айту күнін» Наурызбай ауданының жұрты биыл да үлкен құрметпен қарсы алып,  бір-біріне деген құрметтері мен мейірбанды­лықтарын  ізгі тілектерімен жеткізді. «Таусамалы» ықшамау­данындағы №188 мектепте басқосқан аудан тұрғындарын осы айтулы  «Алғыс айту күнімен» Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Пірәлиев құттықтады. 

Әкімнің орынбасары өзінің құттықтау сөзінде  бұл күннің   сонау күрделі кезеңдерде  еліміздің басына түскен қиын сәттерді бірге еңсеріп, Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне алғыс айтып, құрмет білдіретін, сондай-ақ, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты  халқының ортақ тарихын құрметтеу күні екендігін де ерекше атап өтті. Өз алдына шаңырақ көтергендеріне биыл үшінші жылға аяқ басқан Наурызбай ауданында да түрлі этнос  өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,  ауданның экономикалық-әлеу­меттік   дамуына өз үлестерін қоса бірлік пен ынтымақта еңбек етуде.  «Алғыс айту күніне» арналған салтанатты жиында солардың  атынан ұйғыр этномәдени ұйымының мүшесі Умаржан Исмайлов, түрік диаспорасының өкілі Салтанат Нуриевалар сөз алып, қиын-қыстау күндерде бауырына басып, құшағын кең ашқан қазақ бауырларына деген шексіз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, осы жиында құрылғанына он сегіз жыл толып отырған  «Нұр Отан» партиясының қатарына  қабылданған партия мүшелеріне партиялық билеттері табыс етілді.  Қолдарына халық партиясының билетін алғандардың қатарында  «Кенжехан» сауда орнының бас директоры А.Мамырбеков, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі С.Ахатов, «Барлық» сауда кешенінің әкімшісі Ж.Бисенбаев, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің бас директоры Д.Малгелдиев, «Бродмастер» ЖШС-нің инженер-механигі М.Халниязов және ерлі-зайыпты Нұрлан Құрманғалиев пен Гүлжанат Беделханқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы С.Ахметова, аудандық әкімдіктің  баспасөз қызметінің жетекшісі С.Якупбаева  бар. «Алғыс айту» күнінде аудан өміріндегі қоғамдық істерде белсенділік танытқан бірқатар азаматтар аудан әкімдігінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.  «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты жиын түрлі ұлт өкілдерінің ән биімен әрленіп,  «Мың алғыс саған, Мәңгілік Отаным. Жасасын достық » флешмобымен түйінделді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *