МУЗЫКАМЫЗДЫҢ «МАХАМБЕТІ»

817немесе нұрдан жаралған Нұрғиса туралы

Қали СӘРСЕНБАЙ

Жұрт Алматыны ресми емес тілде еліміздің рухани астанасы деп те жатады. Осындай аяулы атауға ие қалада ғасырлар бойы қалыптасқан әдеби-мәдени, рухани тектің жалғасын тауып, дамып отыруы – заңды құбылыс.

Алматы – Алаш ардақтыларының, қазақтың байырғы зиялыларының басқан ізі қалған қасиетті қала. Халқының қамын жеп өткен сондай біртуар тұлғаларымызға ескерткіштер орнату, көшеге есімін беру, мұражайлар ашу, қысқасы, есімін ұлықтап, жаңғырту жолында шаһарда атқарылып жатқан іс-шаралардың да қомақты екенін атап өтуіміз керек.

789Күні кеше  өмірден дүркіреп өткен Нұрғиса Тілендиев те сол ағалар аманатына адал болып өткен дүлдүлдің бірі де бірегейі еді.

Қаламызда былтыр ғана Әбілхан Қастеев мұражайы есігін ашса, кеше КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев тұрған үйден (Д.Қонаев пен Бөгенбай батыр көшесі) композитор атындағы мемориалдық мұражай ашылды. Бұл шын мәніндегі ел рухын биіктеткен, болмысы бөтен іс-шара болды. Мұражай-үйдің ашылуына шаһар басшысы Ахметжан Есімов қатысып, мәнді де мағыналы сөз сөйледі.

– Бүгін заманымыздың дарынды ұлы, барша қазақстан­дықтардың жүрегінен орын алған әсем әндер мен күйлердің авторы, он саусағынан өнері тамған талант иесі, дирижер, Кеңестер одағының халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің мұражай-пәтері ашылады.

Қаламыздың орталық көшелерінің біріне Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсе, өткен жылдары ғана зәулім ескерткіші бой көтерді. Енді соның заңды жалғасындай Нұрғиса Тілендиевтің мұражай-пәтері өз есігін ашқалы отыр.

Нұрғиса ағамыз бұл үйде 19 жыл өмір сүрді, осы жерде қан­шама өшпес туындылары өмірге келіп, шығармашылық шаттыққа бөленді.

Қазақтың талай жақсы-жайсаңдары осы шаңырақтан дәм татып, ағамызбен бірге өнер туындыларын жасады. Қайталанбас өнер иесінің исі сіңген, табанының іздері қалған бұл пәтер – ендігі жерде мұражайлық өмірін бастамақ.

Халқымызда «Арманы биік асыл ер, ұрпақтың қамын ойлайды» дейтін қанатты сөз бар. Нұрғиса Тілендиевтің 500-ден астам музыкалық туындылары ұрпақтарымен бірге жасай береді. Оның баршамызға танымал «Қыз Жібек», «Менің атым – Қожа» фильмдері мен «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» мультфильмдеріндегі әсем әуендері әрбір қазақ баласына қуаныш сыйлайды. Өзі негізін қалаған «Отырар сазы» фольклор­лық-этнографиялық ансамблі Нұрғиса ағамыздың атымен аталса, ол кісінің өмірдегі де, өнердегі де мұрагері Дінзухра әке жолын лайықты жалғастырып жүр.

Қазақ өнерін алыс, жақын шет елдерге паш еткен Нұрғиса Тілендиев тәрізді таланттарымыз Алматыда тұрып, шығарма­шылығын шыңдады. Сондықтан да сүйікті қаламыз тек еліміздің ғана мәдени орталығы емес. Алматы қаласы 2014 жылы Достастық елдерінің мәдени астанасы болып отыр.

Мұражай-пәтер өнерсүйер халқымыздың, қала қонақтарының сүйікті орнына айналсын! Ағамыздың рухы разы болып, істері жалғаса берсін. Игі бастамаларымыз мол болсын! Келер жылы Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдық мерейлі мерекесін абыроймен атап өтейік! – дей келе, қала әкімі бір ауыз сөзбен-ақ компо­зитордың бекзат болмысын осылай бедерлеп өтті.

Бұдан кейін сөз алған бұрынғы мәдениет министрі Ж.Еркінбеков Нұрағаңның шығармашылығына, қала әкімдігінің рухани бағыттағы атқарып жатқан толымды істеріне кеңірек тоқталса, ақын Ш.Сариев жырдан шашу шашты. Нұрағаңның аяулы жары Дариға жеңгеміз де толқып, тебіреніп сөйледі. Қала басшылығының ұлы тұлғаларды ұлықтаудағы өнегелі істеріне ризашылығын білдірді.

Р.S. Жиын бойына Нұрағаңның әні мен күйі ойнап, жиналған жұртшылықтың көңілін көкке көтерді. Нұрағаңның күйлері демекші, әсершіл жұрт арасынан «Махамбетті» тарт, Махамбетті» деген дауыстар да естіліп жатты. Осы бір сәттің шарпуы мен шалығының әсері болды ма, Нұрағаң жайлы көкейде жүрген ойдың бірсыпырасын да қағазға түсіріп едік.

Бұл ойға түрткі болған да қанында тектілік атой салған Алаш ұлының қайта тумас мінезі еді. Бүгінде сол мінезді сағынып жүргендей екенбіз. Бұл ойды осында жиналған жұрт жүзінен бағамдау да қиын емес еді.

Нұрағаңның «Махамбет» атты симфониясын тыңдаған боларсыз. Бұл енді алапат! Құдай салмасын, бұл не деген асқақ патетика, не деген оптимизм?! Тұла-бойың шымырлай жөнеледі. Орныңда байыз тауып отыра алмайсың. Даланың дауылпаз дауысы, қазақтың етінен ет кесіп алсаң да қайтпас өр рухы, дүниенің тылсым сырлары сені еріксіз матап, байлап тастайды. Адамның жанынан да осындай құдыретті әуен туады екен ғой. Сен ата-бабаңның шынайы, бекзат болмысын ұққың келсе, осы әуенді қосып қой да, бірде ысып, бірде суып, бірде шабандоз шабытқа мініп ал да, үнсіз тыңдап отыра бер. Сіз бұл құдыретті әуенді тыңдағанда Шубертті де, Моцартты да, тіпті, Бетховенді де қажет етпейсіз. Сіз рухтанып, тазарып шыға келесіз. Атып тұрып, атқа мінгіңіз келеді. «Абылайлап» алысқа шапқыңыз келеді. Сіз бұл құдыретті әуенді тыңдағанда ешқашан төмендегіңіз келмейді, тек биікте жүретін ел екенімізді ұдайы есіңізден шығармайтын боласыз.

Солай. Алла тағаланың өлшеусіз берген дарыны Нұрғиса Тілендиевті нұрға бөлеп, шуаққа шомылдырды. Біз де сол нұрға малынып, шуаққа іңкәр боп өстік. Алла тағаланың 99-атының бірі Нұр болса, Нұрғиса атының да тектен-тек қойылмағаны ғой.

790Нұрағаңның талантына, дария дарынына тәнті болып, нұрына малынғанның бірі ретінде әрбір қазақтың аяулы сөзін айтуына хақысы бар. Айта алса, әрине. Айта алмауың да мүмкін, өйткені, зор таланттың алдында кейде қызыл тілдің, сенің айтқыштығыңның өзі дәрменсіз болып жатады. Өйткені, ол бақилық болғанмен де мысы сені басып тұрады. Оның өзгеден өзгешелігі де, кереметі, бәлкім, мәңгілік жұмбақ сыры да сонда.

14 жасында Құрманғазының тізесінде отырған Қали Жантілеуовті ұстаз тұтқан Нұрағаңның өзі де Ахаң – Ахмет Жұбанов құрған Құрманғазы оркестріне 14 жасында келген.

Нұрағаң өнердегі кіл бір биіктерді ұстаз тұтып, өзі де биіктеді. Әлгінде айтқанымыздай, басқа­ларға, әріптестеріне деген зор құрметін былай қой­ғанда, оның Қали Жантілеуов пен Ахмет Жұба­новты айрықша ардақтауын тілмен айтып жеткізе алмайсың. Бұл мәселеге келгенде оны тірі кезінде тыңдау керек еді. Бірде қазақ радиосына сұхбат берген Нұрағаңның: «Егер Ахаң болмаса, мен кім болар едім» деп толқығаны бар. Шіркін, бірін-бірі жебеп, жетектеп өткен қазақтың жақсылары-ай!

791Ол Махаңның – Махамбеттің рухына бас иді. Сөйте жүріп, өзі де «қазақ өнерінің Махамбетіне» айналды. Неге? Бізде біртуар тұлғаларымызға тамсанғанда өз ішімізден теңеу таппай өзгеге теліп, теңей салатын бір дағды болғаны рас қой,. Мәселен, қазақтың «Островскийі», «Шепкині» деген сияқты.

Нұрағаңның «Махамбет» атты симфониясын тыңдаған боларсыз. Бұл енді алапат! Құдай салмасын, бұл не деген асқақ патетика, не деген оптимизм?! Тұла-бойың шымырлай жөнеледі. Орныңда байыз тауып отыра алмайсың. Даланың дауылпаз дауысы, қазақтың етінен ет кесіп алсаң да қайтпас өр рухы, дүниенің тылсым сырлары сені еріксіз матап, байлап тастайды. Адамның жанынан да осындай құдыретті әуен туады екен ғой. Сен ата-бабаңның шынайы, бекзат болмысын ұққың келсе, осы әуенді қосып қой да, бірде ысып, бірде суып, бірде шабандоз шабытқа мініп ал да, үнсіз тыңдап отыра бер. Сіз бұл құдыретті әуенді тыңдағанда Шубертті де, Моцартты да тіпті Бетховенді де қажет етпейсіз. Сіз рухтанып, тазарып шыға келесіз. Атып тұрып атқа мінгіңіз келеді. «Абылайлап» алысқа шапқыңыз келеді. Сіз бұл құдыретті әуенді тыңдағанда ешқашан төмен­дегіңіз келмейді, тек биікте жүретін ел екенімізді ұдайы есіңізден шығармайтын боласыз.

792Шын рухты «Махамбеттен» іздеген жөн. Нұра­ғаң өлмес ұлттық рухты жазып кетіпті. Махам­бетпен мұңдасып отырып, өзі де «музыкамыздың Махамбетіне» айналып кетіпті. Нұрағаңның сүйікті шәкірті Қошқарбек Тасбергенов Махамбеттің «Жұмыр қылышын» тартқанда Махаң мен Нұр­ағаң­­ның бойындағы ғажайып үндестікті аңдар едіңіз.

Нұрағаң Махамбетті сағынып өткен тәрізді. Осындай өлмес рухты жырлаған адамның көзі тірісінде «Халық Қаһарманы» атағын алып кеткені қандай абырой болған. Абырой демекші, «Бұл адам – нағыз қаһарман адам. Ол өзінің әнімен, күй­лерімен, қазақ халқының рухын асқақтатып келді. Мен дәл бүгінгі заманда Тілендиевтен асқан дом­бырашыны көрген жоқпын», — деп еді бірде Н.На­зарбаев.

Бәлкім, мұндай симфония енді тумайды десек, бұл сәттік қана дыз етпе әсерден туған пікір емес. Нұрағаңның әндерін кез-келген қазақтың отбасы шырқай жөнеледі, қазақ аман болса, айтыла береді. Музыканың іргелі жанрында «Махамбеттей» дүние тудыру кез-келгеннің маңдайына жазылмаған бақыт. «Алатаудай» амбициялық, арда ән жазған (осы ән маған жас әнші Бейбіт Қорғанның орындауында ұнайды) Нұрағаң сол амбицияны «Махамбетте» армансыз асқақтатады.

Тура Махаңның мақамы, өр бейнесі, рухы. Жауын­герлік рух. Кешіріңіз, кейде Хачатурянның «Спартактағы» «Қылыш биінің» өзі Нұрағаңның о жақ-бұ жағында қалып қоятындай. Нұрағаңның мұндай симфония жазуының сыры қайда жатыр? Мінезде. Нұрағаңның дирижерлік пультте тұр­ғандағы қалпын мен өнебойы ат үстінде тұрғандай елестетемін. Атқа мінген қай қазақ болмасын рухтанып кететіні ешкімге де жасырын емес. Атқа мінген адам қолына міндетті түрде қамшы ұстайды. Егер жаугершілік заман болса, найза, қалқан ұстар еді. Нұрағаң қолындағы сиқырлы таяқшаны қамшы мен найзаға айнал­дырған адам. Міне оның бойын­дағы сол махам­бетшіл мінез, өзі бас иген Махамбет рухы оны осындай биікке көтерді. Егер Нұр­ағаңның замандастары Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Сыдық Мұха­меджа­новтар әуендегі классикалық үлгіге көп мән берсе, Нұрағаңдардан шын мәніндегі қазақ әнінің жа­ңаша өрлеу кезеңі басталды. Әнге бұрынғыдан да бітімі бөлек ұлттық болмыс, сипат дарыды. Қазақтың кешегі дәстүрлі ән өнерінің негізін қалаған Ақан Сері, Біржан Салдар соңы Кененге дейінгі аралықтағы қалыптасқан мектепті Нұрағаңдар өзгеше жаңғыртты, байытты.

793Аса талантты адамның ерекшелігі — жұрттың бәріне ұнайтыны. Өйткені, ол халыққа жәй, өткінші ұнап қоймайды, тіпті, мәңгілік жүрегінде қалып қояды. Талантты адамның ұсақ-түйек кемшілігін атыңнан айналайын аяулы тыңдарман ешқашан көңіліне алмайды. Егер талант бойында ондай кемшілік болса, сол халық тағы да оны патша көңілімен бағалап, еркелікке балайды. Қандай дарынның болсын бойында бір кемші­ліктері болғанымен, Нұрағаңдар, ең бастысы, пендеші­ліктен биік тұрды. Талантты адамның бойына адамгершілік қасиеттерді қоса беру де кейде сирек жағдай екенін байқаймыз. Әрине, өзі талантты адамның адам ретінде де талантты болмауы мүмкін емес.

Нұрағаңның осы қасиеті туралы да аңызға бергісіз әңгіме көп. Бір заманда тағдырдан көп таяқ жеп жүрген Шәмшіге қолұшын беріп, Диме­кеңнің алдынан бір-ақ шығарғанын Жақсылық Сәтібековтің сәлемдемесін апарып бергенде өз аузынан естіп едім. Қазақтың қазіргі марқасқа­ларына осы бір абзал қасиет кейде жетіп, кейде жетпей жатады десек, келісерсіз. Литвалық атақты суреткер Чюрленис «Менің кешегі және бүгінгі жазған туындыларымның бәрі Литваға арналады» деген екен. Сол кісі айтпақшы, Нұрағаңның бар туындысының қазақтың жүрегінен әлдеқашан, көзі тірісінде орын алғанына дау жоқ қой. Әсіресе таланттың талантқа қорған болып, араша түсуі де әркімнің бойында кездесе бермейді. Тілендиев бұл қасиетімен де талай тәнті етіп еді. Белгілі ақын, композитор Тынышбай Рахымның «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін біреулер ту-талақайға салып жатқанда «Егемен Қазақстанның» бетінде «тәйт» дегені де әлі есімізде.

Біз кейде Тәуелсіздік қолымызға өзі келіп қона қалғандай сайраймыз. Кешегі күндей күркіреп өткен Алаш арыстарын айтпағанда, бертіндегі тоталитаризммен тайталасып өткен тұлғалары­мыздың да Тәуелсіздік таңын жақындатып кетке­ніне ешкім дау айта алмас. Сол тайталастың бел ортасында ішкі дүниесі ұдайы көтеріліс жасап жататын Нұрағаң да болып еді. Желтоқсанның аязы жас жүректерді қарығанда Нұрағаң сол бұрыннан сөзі жазылып, жадында жаңғырып жүретін «Жас тұлпар» әнін бұрқ еткізген екен. Бірақ, жылдар бойы белгілі, белгісіз себептермен сыртқа шықпай қалған сол алапат сезімді Нұрағаңның өмірден өткеніне 3 жыл толған еске алу кешінде Нұрғали әнші жеткізді.

794Әрине, Нұрғиса Тілендиевтің әр әні жөнінде төгілтіп жазуға да болар. Дейтұрсақ та, «Құстар» әнін сүйіп айтпайтын қазақ жоқ. Осы ән туралы ертеректе жазылған Әбдіжәмил Нұрпейісовтің сырлы очеркі жадымда қалып қойыпты. Сондай бір әсердің жетегімен жүргенде «Құстан асқан әнші жоқ» деген көлемді танымдық эссе жаздым. Құстар әлемін бірқыдыру зерттегендей болдым. Содан кейін мен «Құстар» әнімен тағы бір мәрте қауыштым. Бірақ, бұл жолғы қауышу аса ауыр еді.

Шешем марқұм көп ауырмады. Ауруы да тез, қайтуы да тез болды. Алматы мен ауылдың арасына сабылып, дәрігерден дәрігер, емшіден емші қойғанымыз жоқ. Ақыр соңы дәрігер ақтық шешімін айтып, ауруханадан алып шығып, құтханасына келе жаттық. Даналықтан балалық кейіпке түскен шешем көздері жәутеңдеп бізге қарай береді. Сезеді, әрине. Біз сездірмеуге тырысамыз. Осы бір уайым арқалаған күндер ешқашан есіңнен шықпасы хақ. Үйге келген соң шешеме: «Қырғызда бір керемет емші бар дейді, соны алып келемін» деп алдауыма тура келді. Өйткені, шешемді ақтық сапарға шығарып салу­дың қамын ойлап, Алматыға тарттым. Ауызүйге шыға бергенімде кеңестің бес сомдық радиосы Нұрағаңның «Құстар» әнін төгілтіп жатыр екен.

Құстар, құстар сызылтып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай қалады.

Төр үйде шешем хал үстінде жатыр, ауызүйде мынау құдыретті әуен сарнап тұр.

Әрине, сол сәттегі әннің құдыретіне, оның сөзіне кім мән беріп жатсын? Шешемнің «мәз өмірі, жаз өмірі қысқарып» жатқанынан хабаршы болған сол ән жылдар өткен соң барып еске түсіп отыр. Сол шешемнің аққу әні, қоштасу әні екенін жылдар өткен соң барып ұғындым.

795Екі күн өткен соң, яғни, 1998 жылдың 24 шілдесінде шешемнің жамбасы жерге тиді. Қайран уақыт көңіл төріндегі сырды жайып салуға мұрсат бере бермейді ғой. Осы бір сәтті кейде ұлы адамға барып арнайы айтуды да қарызым, парызым санап жүруші едім. Өкінішке орай, осы жылдың 18-қазанында ұлы композитор да өмірден озды. Отбасымызбен барып қоштастық.

Әрине, бұл біреулер үшін жәй сәйкестік те боп көрінуі мүмкін. Бірақ, шешемді соңғы сапарға шығарып салған «Құстар» әнінің авторына деген менің тыңдарман ретіндегі әуелдегі жұрт қатарлы сүйіспеншілігім жылдар жылжыған сайын биіктеп барады, биіктеп барады.

Кейде отырып, ең қимас жаның өмірден өткенде, өзегің өртенгенде өмірдің өткінші екенін ұқтыратын осындай ұлы туынды қалдырған тұлғаларға бас иесің.

«Қазақты мендей сүйетін адам болса, бұл қазақ жаман болмас еді. Мен қайтқанда халқым жоқтау айтпайды, әнмен шығарып салады, мен елдің рухын көтеріп кетуім керек. Сол үшін де жаратыл­ғанмын» деген екен Нұрағаң.

Шын өнердің адамы да жыл құсы секілді ғой. Ұмытпайсың, келіп-кетіп тұрады. Аталмыш мұражайдың ашылуында да Нұрағаң жұртты өзі күтіп алып, құшағына сыйдырып тұрғандай көрініп кетті.

 

Нұрағаң Махамбетті сағынып өткен тәрізді. Осындай өлмес рухты жырлаған адамның көзі тірісінде «Халық Қаһарманы» атағын алып кеткені қандай абырой болған.

«Қазақты мендей сүйетін адам болса, бұл қазақ жаман болмас еді. Мен қайтқанда халқым жоқтау айтпайды, әнмен шығарып салады, мен елдің рухын көтеріп кетуім керек. Сол үшін де жаратылғанмын», — деген екен Нұрағаң.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *