Музей тарих қоймасы

 Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жанғыру» атты мақаласы әрбір азаматтың ой санасына серпін бергені анық. Бұл Елбасы ұсынған жаңғырулар Қазақстандықтарды сан ғасырлық тарих пен мәдениеттегі ұлттық сана- сезім мен білім саласындағы реформаға бастайды. Әрбір сөздің түбінде терең бойлаған  бабалардан мирас болып қалған ұлттық құндылықты көздің қарашығындай сақтай отырып, ұлттық рухты жанғыру қажеттілігін түсінеді.

Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің бір сөзінде еліміздегі музейлер туралы    «…Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап, жүйелеу оларды келешекке сақтап жеткізу өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау – абыройлы міндеттің бірі» —  деп атап өткен болатын.

1977 жылдан бастап мамырдың 18 – і халықаралық музей күні ретінде аталып келеді. Халқымыздың ғасырлардан тамыр таратып өткеннің, яғни, тарихын халық арасында кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор. Музей – ғылыми, мәдени тарихи орталық. Музейлер бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін, жинақты түрде ұрпақтан — ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт  —  дәстүрін танытып отырады. Осы орайда Алматы қаласы Наурызбай ауданы №192 ЖББМ- ның аға тәлімгерінің ұйымдастыруымен  «Адал ұрпақ»  ұйымының оқушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына байланысты  « Абай мұражайын» онлайн  түрде тамашалады.

Ұлы ақынның шығармашылығанан мағлұмат беретін, көрме төрінен орын алатын қол жазбаларына оқушылар ерекше назар аударды. Ақынның шығармашылық қорынан бөлек, жеке өмірі, қоршаған ортасы да қызығушылығын тудырып, Абай мұражайынан өздеріне қажетті көптеген ақпараттар алып, уақыттарын қызықты өткізді.

Мыңмен жалғыз алысқан Абай өмірі мен мұрасы кейінгі ұрпақ үшін, өр әділдікпен зор адамгершілікті және асқақ рух пен кемел парасаттылықты үздіксіз дәріптеудің әрқашанда жарқын үлгісі болабермек.

Жолдыбай Мұратқызы

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

«Рахым Сәрсенбин атындағы

№192ЖББМ»КММ-нің  аға — тәлімгері

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close