Музей түні

«Музей түні» акциясы 1977 жылдың 18 мамырынан бастап жыл сайын Халықаралық музейлер күні аясында әлемнің 150-ден астам мемлекетінде жүзеге асып келе жатқан халықаралық ірі әлеуметтік, мәдени-білім беру жобасы. 

Нұржамал ӘЛІШЕВА

«Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты Алматы  музейінде де бұл түн өз салтанатымен атап өтілді.

Акцияның ашылу салтанатында сөз алған Алматы қалалық Мәдениет басқармасы бас­шысының орынбасары Данияр Әлиев музейлердің бүгінгі қоғамдағы орны мен оның өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып өтті.

Үлкен-кіші деп бөліп-жармай, бәрінің басын біріктіретін Музей түнінің форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл жолы Алматы музейі алматылықтар мен қала қонақтарына жібекке салынған «Таңбалар» атты суреттер көрмесін, қыштан, металдан әртүрлі бұйымдар жасаудың шеберлік сыныптарын, музейлік квест, «Тірі музей» театрландырылған көріністер, дәстүрлі өнер майталмандарының концертін ұсынды.

Түнгі музейде Қазақ мемлекеттік циркі мен мемлекеттік қуыршақ театрының артистері өнер көрсетіп, көрерменнің зор ықыласына бөленді.

Марат Омаров, Тахмина Әшімбекова, Өктем Алтаев, Сәулежан Тақзия сынды дүлдүлдердің шырқаған әндері де кеш шырайын кіргізді.

Қыштан қилы құмыра жасап, ағаштан алуан туынды ойған шеберлер, күмістен әсем бұйымдар соққан зергерлер өткізген шеберлік сабақтары да келушілер қызығушылығын тудырды.

Бұл түні «Музей түні» акциясы шаһардағы барлық музейінде өткендіктен, оның шамдары Алматы түнінің әдемілігін де үстей түскені анық.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *