Моана мультфильмінің қазақша трейлері жарық көрді!

1463824166_moana-1

Дисней студиясының толықметражды «Моана» мультфильмінің қазақ тілінде трейлері жарық көрді. Мультфильмнің тұсаукесері 2016 жылдың 1 желтоқсан күніне жоспарланған. Мультфильмнің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын Лидия Кәден, Назерке Серікболова, Мақпал Исабекова, Бүркіт, Жәнібек Мұсаев және Сырым Қашқабаев сынды Қазақстан әншілері мен актерлері сыйлады.

Еске сала кетейік, «Моана» – 2016 жылдың «Болашақ» Корпоративтік қорымен қазақ тіліне дубляждалған Дисней студиясының 3-кинотуындысы, ал 2011 жылдан бері дубляждалған 16-фильм. Моана – Диснейдің жаңа ханшайымы, Туи көсемінің қызы, 14 жасар арманшыл қыз. Ол досы – жартылай құдай Мауимен бірге шексіз мұхитқа сапарға аттанады. Оқиға желісі 2000 жыл бұрын Тынық мұхиты аралдарында өрбиді.

Қазақ тіліндегі дубляж режиссері Рита Әбішева, жобаның музыкалық жетекшісі – Күнімгүл Борамбаева. «Моана» 1 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі!

Жоба ұйымдастырушылары: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» Корпоративтік қоры. Жоба демеушісі: «АCD Group» ЖШС.

«Ақшамның» анықтамасы:

Ағылшын тіліндегі нұсқасын дайындаған әртістердің ішінде – жасөспірім актриса Аулии Кравалхо бас кейіпкер Моананы дыбыстайды, ал Дуэйн Джонсон жартылай құдай, жартылай адам – ұлы Мауиге өз дауысын  сыйлайды. Сонымен қатар, мультфильмнің ағылшын тіліндегі нұсқасында Джемейн Клемент (тәкәппар 15-метрлік шаян Таматоаның дауысы), Рэйчел Хаус (теңдессіз Тала әжейдің дауысы), Темуэр Моррисон (мәртебелі көсем Туидің дауысы), Николь Шерзингер (Моананың анасы Синаның дауысы) сынды керемет актерлердің дауыстарын естуге болады.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *