Миыңды жұмыс істету өз қолыңда

sb10063846l-001Ежелден бері адам өзінің ақыл-ойының тек 10 пайызын ғана пай­далана алады деген жаңсақ пікір бар. Ғалымдар бұл пікірді жоққа шығарып отыр.

Адамның ойлау ағзасы, жүйке клеткалары ойлау процесінде толығы­мен іске қосылады. Олай болмаған күнде ол адамды толық адам деу мүмкін емес. Өзіңіз ойлап көріңізші. Егер адам ағзасының бір мүшесі істен шықса, ол өзін қалай сезінер еді. Сондықтан да күні кешеге дейін адам миының тек 10 пайызы ғана жұмыс істейді деп келгендер қатты қателеседі.

Кембридж университетінің про­фессоры Барбара Саакянның ай­туынша, адам миы өзінің толық қуатын пайдаланбағанымен, ол өзінің белсенді жұмыс істеуін тоқтатпайды. Мидың әрбір бөлшегі ағзаның өзіне тиісті әр бөлігіне қызмет етеді. Мәселен, көз, есту, сөйлеу, бұлшық еттер қимылы деген тәрізді.

Ал енді миымыздың 90 пайыз мүмкіндігін пайдаланбай жүрміз деу бекершілік. Бұл дәйектеме 1936 жылы американ психологы Дейл Карнегидің жинақтарында көрініс тапты. Содан бері арагідік айтылып қалады. Пристон университетінің нейробиологы Сэм Ван бұл қисынсыз пікірлер адамдардың өзін-өзі жетілдіру, көп жұмыс істеу, сөйтіп, мидың әлеуетін бұрынғыдан да көбірек пайдалану, адамдарды қайрау үшін айтылған деседі.

Ғалымдар миды бұрынғысынан да бетер жұмыс істетуге болады дейді. Ол үшін күнделікті жаттығулар қажет. Ал өне бойы шаршаған адамның миы әлсіз болады. Таяуда ғана болған зерттеу нәтижесінде американдықтардың 65 пайызы мидың 10 пайызы ғана жұмыс істейді дегенге әлі де сенеді екен. Әрине, сөздің аты – сөз. Күйреуік, жалқау адамдар қашанда осылай сөйлеуге бейім тұрады. Қысқасы, миыңды жұмыс істету әркімнің өз қолында екен. Ол үшін салауатты өмір салтына бет бұру қажет.

 

Америкамен алысып өткен арыс

Арагідік Америкаға тас лақтырып қоймаса ас батпайтын Венесуэланың бұрынғы президенті жарықтық Уго Чавесті өз жұрты әбден сағынған тәрізді.

Неге сағынбасын, елі үшін отқа да, суға да түскен тұлғаны ұмытуға, сағынбауға бола ма? Сол көсемге деген құрметінің белгісі болар, таяуда өткен елдегі жетекші социалистер партия­сының съезі кезінде елдің қазіргі президенті Николос Мадуро Уго Чавесті партияның мәңгілік көшбас­шысы болып қала береді деп мәлімдеді. Сондай-ақ, 8 желтоқсан – Отан мен Уго Чавесті құрмет тұту күні деп жарияланады. Жарықтық Чавес дәл осы күні халқына соңғы жолдауын оқыған.

Өмірбақи Америкамен алысып өткен арысты ұмытуға бола ма?

 

Не сүйкімі барын кім білсін?!

Ресейдің азаматтығын алғаннан кейін Жерар Депарьденің алдынан бір жаңа кеңістік ашылғандай болды. Анда-санда жеңіл тәртіп­сіздіктер жасап қоятын Жерар әйтеуір кейбір елдер үшін сүйкімді болып тұр. Шешенстанның президентімен біраз уақыт әмпей-жәмпей болды. Қазақстанға да келіп, бірнеше мәрте киноға түсті. Қашан шақырсаң да «кет әрі» емес.

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты И.Зотов Ресейдің құрамына кірген Қырымның басшылығына елде жүзім шаруашылығын өркендететін кәттә комитет құру жөнінде ұсыныс айтты. Ал енді әлгі комитетті басқаруға Жерардың өте лайықты екенін атап көрсетті. Актердің не сүйкімі барын кім білсін, ұсыныс қабылдануы да мүмкін дейді Зотовтың әріптестері.

Т.МИР-АС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *