Үміткерлер сайлауалды бағдарламамен таныстырды

Рая ЕСКЕНДІР

Жетісу ауданындағы №43 жалпы білім беретін мектепте №25 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына «Нұр Отан» партиясынан кандидат Асхат Шілікбаевпен кездесу өтті. Алдымен осы ықшамауданда тұратын тұрғындар үміткер Асхат Шілікбаевтың сайлауалды бағдарламасымен танысты. Тұрғындарға үміткердің білім беру жүйесін дамытуға бағытталатын болашақ бағдарламасы айрықша әсер етті. Ондағы балабақшалар мен мектептер құрылымын дамыту және әрі қарай қолдау көрсету, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған дамыту орталықтары мен спорт мектептерін ашуға қолдау көрсететіні туралы бағдарламадағы жоспарларға тұрғындар да ризашылықтарын білдіріп отырды.

№25 округте негізінен қаланың байырғы тұрғындары зейнеткер қариялар көптеп тұрып жатыр. Үміткер өзінің әлеуметтік бағдарламасында көмек көрсетуді әрі қарай жалғастыратынын жеткізді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі туралы да, қала қауіпсіздігі үшін бейне-бақылау, жарықтандыру туралы ойында бар екендігін айтты.

Келесі кезекте аудан тұрғындары сөз алып, өздерінің талап-тілектерін жеткізді. Аманат арқалаған үміткер сайлаудан жеңіске жетсе, барлық ұсыныстарды орындайтынын айтып, сөз берді. Дәл осы күні Түрксіб ауданындағы №89 мектепте 34 округ бойынша «Нұр Отан» партиясынан кандидат Гүлнас Ахметова тұрғындармен кездесті. Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыра келе, соғыс және еңбек ардагерлеріне, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсетіп, көмек қолын созатынын жеткізді.

Өз кезегінде аудан тұрғындары үміткерге деген өз талап-тілектерін жеткізді. Мәселен, Майлин көшесі бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті жолының мектептен қашық екендігін айтып, ыңғайсыздық туғызып отырғанын, мешіт маңындағы жолда жүргіншілер үшін қолайлы болса деген тілектерін білдірді. Үміткер басқа да ұсыныстарға жауап берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close