ҮМІТКЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Рая ЕСКЕНДІР

Жетісу ауданының №25 сайлау округі бойынша мәслихат депутат­тығына «Нұр Отан» партиясынан кандидат Асхат Шілікбаевтың келесі кездесуі Потанин, 226 мекен-жайда орналасқан №102 мектепте өтті. Кездесуге келген тұрғындар алдымен үміткердің сайлауалды бағдарлама­ларымен танысты.

Бұл округте байырғы тұрғындар­мен қатар, жас отбасылар да тұрып жатыр. Сондықтан үміткердің сай­лауалды бағдарламасындағы білім беру мәселелері, балабақшалар мен мектеп­тер құрылысын одан әрі дамытуға қолдау көрсету, сонымен қатар, бюд­жет пен демеушілер тарапынан бөлінетін қаражат есебінен балалар мен жасөспірімдердің дамыту орта­лықтары, спорт пен музыка мектеп­терін ашу туралы айтылған бағдар­ламаға тұрғындар қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.

Сонымен қатар, үміткердің әлеу­мет­тік бағдарламалары да қызу қолдауға ие болды. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, соғыс ардагерлері, көмекті қажет ететін қария кісілер жағы атаулы көмек түрлерін көрсетуді әрі қарай жалғастыру мәселесіне зор қызығушылық білдіріп отырды. Үміткердің басқа да сай­лауалды бағдарламаларындағы көрсе­тіл­ген тармақтар тұрғындар үшін аса маңыздылығымен ерекшеленді.

Осыдан соң тұрғындар өздерінің көкейлеріндегі сауалдарды үміткерге жолдады. Мәселен, Наталья Линник Жангелдин, Рысқұлов, Баянауыл көшелеріндегі жарықтың жоғын айтса, келесі бір тұрғын Жангелдин көшесі бойына қашан жөндеудің жүретінін сұрады. Осы аумақтағы №102 мектеп­тің спорт алаңына да жөндеу жұмысы қажет екендігі туралы да кеңінен сөз болды. Ауданның белсенді ардагері Дина Дәуленова зейнеткерлерге арналған қандай бағдарламалардың бары туралы сауалын жолдады.

Кездесуде тұрғындар мен үміткер бірнеше мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close