Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ: «Ісләмтану ілімінің негізін қалаған «Алматы ақшамы» газеті

Танымал сөз зергері, ғалым, аудармашы Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдығын атап өтті

 

Қарағанды қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қарағанды облысының әкімдігі мен Халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының ұйымдастыруымен қазақтың ғұлама ғалымы, аудармашы, сөзжасаушы Ісләм Жарылғаповтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні және келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Жиынды Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жүргізді. Халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мә­дениеті мен өнерін дамыту ұйымы­ның Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымының док­торы Дархан Қыдырәлі, Ахмет Бай­тұр­сынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филоло­гия ғылымының докторы, профессор Ерден Қажыбек құттықтау сөз сөй­леді. Халық­ара­лық ғылыми-тәжіри­белік конфе­ренцияда Ахмет Байтұр­сынұлы атындағы Тіл білімі институ­тының бас ғылыми қызметкері, ака­демик, филология ғылымының док­торы, профессор Өмірзақ Айтбайұлы «Терминжасам сардары»,  Анкара­дағы Қажы Байрам университетінің профес­соры, Түр­кітану орталы­ғы­ның директоры, филология ғылы­мының докторы Хулия Ченгел «Ататүріктің тіл реформасы және Ісләм Жарыл­ғапов,  Әзірбайжан мемлекеттік педагогика универси­тетінің про­фессоры, Фило­логия факультетінің деканы, фило­логия ғылымының докторы Булудхан Халилов «Әзірбайжан терминоло­гиясы: өткені мен бүгіні», Халық­аралық Түркі академиясының аға сарапшысы, филология ғылымының докторы, профессор Қадыралы Қонқабай «Түркі тілдерінің тер­минологиясы: тарихи тәжірибесі мен болашағы, «Алматы ақшамы» газе­тінің атынан Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ісләм Жарылғапов мұрасын зерт­теуші Өтеш Қырғызбаев «Термин жасау­дың тарланбозы», Астана медицина университетінің профессоры, мемле­кеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің басшысы, медицина ғылы­мының кандидаты Мұхамбедия Ахме­тов «Медициналық терминдерді қазақ тіліне аудару мәселесі», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызмет­кері, филология ғылымының док­торы, профессор Әлімхан Жүнісбек «Кірме терминдердің фонетикалық үндесімге икемделуі» тақырыбында баяндама жасады. Ісләм Жарыл­ғаповтың туған інісі, Қарағанды облыстық мәслиха­тының депутаты, Жаңаарқадағы кәсіптік-лицей дирек­торы Ғазым Жарыл­ғапов әулеті аты­нан Халық­аралық конферен­цияға қатысып, көрнекті ғалымның жазба мұрасын елге насихаттауда еңбек етіп жүрген ғылымдар мен азамат­тарға ризашылық сезімін жеткізді.Қазақтың белгілі сөз зергері, аудармашы-ғалымы Ісләм Жарылға­повтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні мен келешегі» атты Халық­аралық ғылыми-тәжірибелік кон­ференция жұмысына филолог-ғалымдар, тарихшылар, тіл маман­дары, қоғам қайраткерлері мен қа­зақ тілінің оқытушылары қатысты. Халықаралық конференция соңы­нан тойханада Ісләм Жарыл­ғапов­тың рухына арнап ас беріліп, Құран бағышталды.«Алматы ақшамы» газеті 2006 жылдан бастап қазақтың белгілі сөз зергері, аудармашы, ғалым, ана тілімізге көптеген жаңа сөздер қосқан Ісләм Жарылғаповтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы тұрақты түрде жазып келеді. «Ісләм Жарылғаповтың мың бір сөзі» деген тақырыппен мұрағатынан табылған жаңа сөздері мен терминдерін тақы­рыпқа, кәсіптік салаға бөліп, жылға тарта уақыт бойы жариялап келдік. Бұрын-соңды еш жерде жария болмаған, ана тіліміздің құнарын арттыруға өлшеусіз үлес болып табылатын лингвист-тілшінің жаңа сөз маржандары туралы ғалым­дар мен оқырмандардан көптеген хат та келді. Тіпті, Ісләм Жарылғаповтың тапқан сөз маржандарын газет бе­тінде қайта жариялауды өтінген оқырман хаттары да болған еді. 2008 және 2013 жылы Қарағанды қала­сында өткен халықаралық форумда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы­ның президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы өзінің сөзінде: «Ісләмтану ілімінің негізін қалаған «Алматы ақшамы» газеті. Ғалым, аудармашы, белгілі сөз зергері Ісләм Жарыл­ғаповтың өмірі мен шығармашы­лығы, ана тілімізге ендірген сөз маржандары туралы егжей-тегжейлі кеңінен зерттеп жазып, оқырманға ғұлама ғалым­ның жазба мұрасын қайта ұсын­уымен «Ақшам» көп шаруа тындыра білді» деген болатын. Осы екі конференцияда да «Алматы ақшамы» газетінің атынан барып қатысып, ғұлама ғалым, ана тілін жаңа сөздермен байытуға өлшеусіз үлес қосқан Ісләм Жарылғаповтың жазба мұрасы, сөз маржандары туралы кең ауқымды баяндама жасаған болатынбыз..

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *