ӨМІРДЕН ӨЛЕҢ ІЗДЕЙТІН АҒАНЫҢ КЕШІ

Зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Жаны жайсаң жан аға» атты әдеби кеш өтті. Қазақстан  Журналистер одағы, Әлем Халықтары Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әбетхан Тоқтағанның 70 жасқа толу құрметіне орай өткен поэзия кешіне елімізге танымал қаламгерлер, өлеңсүйер оқырмандар қатысты.

– Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан өңірінің тумасы, туған жерін жырға қосқан ақынның қаламынан туған: «Жат­сынба, жарық  дүние», «Ізгілік  ізімен», «Өмірден өлең  іздей­мін», «Айжа­рық  ғұмыр кештім  мен», «Заман – ұзақ, өмір – шақ» атты  кітап­­тары, бүгінде баспаға дайындалып жатқан «Тағды­рымнан  тамған  тамшылар» жина­ғы әдебие­тімізге қосылған үлес десек, артық айтқа­нымыз емес, – деп, кеш шы­мылдығын ашқан дәстүрлі әнші Бауыржан Құмарбеков ақынның өмір жолына, адамгершілік қасиеттеріне тоқталды.

Зайсан аудандық «Достық» газетінде жемісті қызмет атқарып, кейіннен көру қабі­леті нашарлаған соң Алматыға  қоныс аудар­ған ақынның зағиптар қоғамында бірнеше жыл еңбек етіп, «Өнер өрімдері» әдеби клу­бының жетекшісі ретінде өнер, әде­биет май­талман­дарының басын жиі қосып, аталмыш кітапхананы кішігірім рухани құт­ханаға айналдырғанын  айтпай кетуге болмас.

Міне, енді ақсақал жасқа жеткен ардақ­ты жанды кітапхана директоры Асхат Бай­ұзақов, «Демалыс» ЖШС-ның дирек­торы Ғазиз Әділханов, өнер­танушы Мүбә­рак Шәкір, Халықаралық «Алаш» сыйлы­ғының лауреат­тары, ақын­дар: Зейнолла Тілеужа­нов, Заман­бек Әбдешев, Болат Шара­хымбай,  жазу­шы-публи­цист Талғат Айт­бай, Желтоқ­сан қаһар­ма­ны Халелхан Ыбы­райымханұлы, т.б. кеш иесіне ұзақ та шабыт­ты ғұмыр тілеп, ақын иығына шапан жауып, сый-сияпаттарын жаса­ды. Ал Қарасай ауданы мектебінің оқу­шысы, жас дарын Айсұлу Съезхан өз өлең­дерін арнап, ақын атасының батасын алды.

Жамбыл атындағы филармония ән­шісі Омар Болатбаев «Туған жер» әні­мен көңіл­дерге көрік сыйласа, өнерлі қарындасы Айша Садырбаева Жәнібек Кәрменовтің «Өмір толғауы» термесі­мен көпшілікке ой салды. Сонымен қатар, зағип әншілер Азамат пен Әспет­күл Айтжановтар Әбет­хан аға сүйіп тыңдайтын «Гүлдерайым» халық әнін орындап берсе, ақын-сазгер Талап Қараш өзінің «Тарбағатай сілемдері» күйін сыйға тартты.

 

Салтанат ТІЛЕУКЕНОВА,

кітапханашы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *