Министр мектепке келді

 Жаңа оқу жылының басталуына орай, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы қаласындағы өзі оқыған №83 мектеп-гимназиясына келіп, салтанатты шараға қатысты.

 Рая ЕСКЕНДІР

Шара барысында министр өзін оқытқан алғашқы ұстаздарымен жүздесіп, ардагер педагогтармен кездесті. 1-сынып табал­дырығын аттаған оқушыларды «Білім күнімен» құттықтады.

– Баршаңызды бүгінгі мерекелі күнмен шын жүректен құттықтаймын! Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кішкентай балақайлардың өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басуымен құттықтағым келеді. Үкімет білім саласына ерекше көңіл бөліп, жыл сайын мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға жағдай жасауда. Себебі, мемлекеттің басты міндеті – балаларды оқыту үшін қажетті жағдай жасау, – деді Қанат Бозымбаев.

– Мектеп бітіргеніме қанша жыл өтсе де, есейіп азамат болсам да, алтын ұя мектебіме деген құрметім азайған емес. Білім жолында сіздерге сәттілік тілеймін. Еліміздің абыройлы азаматы болыңыздар! – деді.

Ресми шарадан соң Қанат Бозымбаев өзі оқыған мектептің әр сыныбын аралап, мұғалімдермен сұхбаттасты.

Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты ашық сабаққа қатысып, жоғары сынып оқушыларымен пікір алмасты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *