Міндет – қоғамдық қауіпсіздікті күшейту

Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен аппараттық жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар мәселелері қаралды. Бұған дейін ағымдағы жылдың 29 шілдесінде қала әкімі Б.Сағынтаев полиция департаментіне криминогенді жағдайға сараптама жүргізуді, барынша күрделі учаскелерді анықтауды, патрульдеуді күшейтуді және полицияның мобильді пункттерін құруды тапсырған еді. Алматының полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы полицияның 1650 қызметкері 550 бағыт бойынша патрульдеу жүргізетінін баяндады. Криминогенді деп табылған 32 учаскеде патрульдеу қызметкерлерінің саны 350 адамға дейін көбейді. Бұл – аталған учаскедегі қылмысты 17,4 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік бермек. Қылмыстың «ізін суытпай» ашу 11,8 пайызға артты.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жаңадан ашылған полицияның 23 мобильді пунктіне қазірдің өзінде 2,5 мың адам жүгінген. Оларға құқықтықтан өзге заңнамалық көмек те көрсетілді. Мұндай пункттердің саны 32-ге дейін жететін болады әрі олар адамдар көп жиналатын жерлерге орнатылады.

— Жалпы, криминогенді учаскелерде патрульдеуді күшейту және полицияның мобильді пункттерін құру қала бойынша қылмыс деңгейін 11%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.Тәртіп бұзудың белсенді түрде алдын алудың құрамына бағыттарды түзету және қылмыс жасалған жердегі немесе өзге учаскедегі қылмыстың деңгейіне сай патрульдеуді күшейту сынды кешенді шаралар енген. Қауіпсіздік – басым бағыттарының бірі болғандықтан алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасатын болады, – деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *