Микрофон алдындағы ОЙЫНШЫ

Комментатор көп, бiрақ…

Құдайға шүкiр, қазiр теледидарда футбол аз емес (жалпы, арналарымыз спорттың қай түрiн де кенже қалдырмауға тырысуда). Биыл «Қазақстан» мен «Еларна» ел чемпионаты мен кубогының ойындарын көрерменге тұрақты ұсынып отырды. Одан қалса, Чемпиондар лигасы (ЧЛ) мен Еуропа лигасы матчтарын да жиi тамашалауға мүмкiндiгiмiз бар. Осы күзден бастап қазақ жанкүйерлерiне «7 арна» – Англия премьер-лигасының, ал КТК – Испания лигасының қызықты кездесулерiн сыйға тартып жүр. Ұлттық арнамыздың алдағы жылы маусым айында өтетiн Еуропа чемпионатын түгел көрсетуге рұқсат алғаны да белгiлi.

Яғни, футбол көруден кенде емеспiз. Ал, сол ойындардан жүргiзiлетiн репортаждар көрерменнiң көңiлiнен шыға ма?Бұл сұраққа әр жанкүйердiң өз жауабы бары анық. Көпшiлiктi қазiргi кей комментаторлардың репортаж жүргiзу әдiсi, кәсiби деңгейi, бiлiктiлiгi қанағаттандыруы мүмкiн, тiптi, кейбiрiн ерекше iш тартып, жақсы көрулерi де ғажап емес. Олардың бiразы бүкiл елге танымал, қайсыбiрi кейiнгi жылдары ғана шыңдала бастады, ендi ғана үйренiп жүргендер де бар (ешқайсысының атын атап, түсiн түстеудi қажет санамай отырмын, себебi, бiрен-сараны болмаса, көпшiлiгiнiң есiмi арнайы атауға да тұрмайды). Рас, осыдан он жыл бұрынғы жалпы деңгейдiң бiршама өскенiне келiсуге болар, алайда, маған комментаторларымызға жетiспейтiн нәрсе әлi де көп секiлдi көрiнедi. Әсiресе, жекелей алғанда мұндай кәсiп майталманының бойынан табылуға тиiс критерийлердiң, әйтеуiр бiрiнен ақсап жататыны өкiндiредi.

Мәселен, олардың көпшiлiгiне тiл шұрайлылығы, сөз байлығы жетiспейдi. Сөздiк қор жұтаң болғасын, өзiне қолайлы азын-аулақ сөз оралымдарын қолданады да отырады. Рас, қазақ тiлiнде спорт терминдерi түгел жүйеленiп, айналымға енiп үлгерген жоқ. Мұндай қордалы мәселенiң бары айқын, бiрақ, бiрiншiден, өмiр оған қарап тұрмайды, ешкiм де «әуелi тiлдiк уайымдарыңды шешiп алыңдар, сосын ойнаймыз» демейдi, футбол болып жатыр, репортаж жүргiзiлуге тиiс; екiншiден, бұл – комментатордың бiлiмбiлiгiне де байланысты мәселе, iзденiмпаз, тапқыр адам кезкелген тығырықтан шығудың жолын таба алады.

Тартымды дауыстан жұрдай, сөйлеу мәнерi қалыптаспаған, әр сөйлемiн «iһi-iһi» деп ебедейсiз кiдiрiстермен бастап, өте шабан ойлайтын, бiр қақпаның маңындағы ахуалды айтып бiтем дегенше, доп қарсы қақпадан бiр-ақ шығатын «комментаторларымыз» да аз емес. Көпшiлiгiнде табан астынан тауып айтар тапқырлық та жоқ, таптаурын тәсiлмен аяңдай беруге үйренiсiп алған. Тағы бiреулерi репортажды әлдекiмнiң (кешiрiңiз, әрине) қазанамасын оқып отырғандай сезiмсiз, эмоциясыз, әсерсiз жүргiзедi. Тақырыпты терең түсiне бiлмейтiндерi де кездеседi. Ең бастысы, кәсiби бiлiктiлiк, көрерменнiң талғам-талабын түсiну және тұлғалық қасиет, нақтырақ айтқанда, харизма жетiспейдi. Жетiспейтiнi – көпшiлiгiнде өмiрлiк те, кәсiби де тәжiрибе жоқ, өйткенi, басым бөлiгi – өрiмдей жастар. >зi кеше ғана футбол көрiп бастап едi, бүгiн микрофон арқылы бүкiл қазақ көрерменiн «өз аузына қаратуға» мүмкiндiк алдыө Аузынан әлi ана сүтi кеппеген бала ала доптың небiр аламандарына куә жасамыс жанкүйерге не жарытып айта алады?

Классиктердiң соңғы тұяғы

Футбол репортажын топтанып алып, улап-шулап отырып көретiн адамдарды өз басым онша түсiне бермеймiн. Ондайда ойынның бүкiл сыры мен қырын аңдау қиынға соғады, өйткенi, комментатордың әңгiмесiне құлақ та түргiзбей, бәрiне түсiнiктеме берiп, жағы сембейтiн жанкүйер кез-келген ортадан табылады. Шын мәнiнде, ойынның құдыретiн де, оны баяндаушының қадiрiн де репортажды жалғыз тамашалаған жан ғана ұғына алмақ. Нағыз комментатор ондайда сенi өз әңгiмесiмен сиқырлап, жалғыз екенiңдi де ұмыттырып жiбередi.

Осы аптада дәл сондай нағыз спорт комментаторының бiрi – жiгерлi де қайталанбас даусы кезiнде бүкiл Одақ жанкүйерлерiне әкесiнiң үнiндей етене таныс болған Владимир Маслаченконың қайтыс болғанына бiр жыл толды. Бұл – осы кәсiптiң шынайы шеберiне тән бүкiл қасиеттердi бойына жинаған жан едi: дауыс, образды тiл, жан-жақты бiлiм, кәсiби өре (өзi бұрын атақты қақпашы болған), ойын қызуын дәл бере бiлетiн эмоцияшылдық, қысылтаяң сәттен қалжыңмен-ақ шығып кете алатын тапқырлық, көгiлдiр экран алдындағы көрерменнiң сезiмiне әсер ете бiлу, тiптi, әлгi харизмаңызға дейiн осы кiсiден табылатын.

«Мен жасыл алаңмен баяғыда қош айтысқаныммен, ойнауды бiр сәтке де доғарғаным жоқ, тек ендi мен микрофон алдында ойнап жүрмiн» деген екен ол бiр сұхбатында. Расында да, ол қақпашы кезiнде допты қандай ептiлiкпен қағып алса, комментатор боп жүрiп те ұтқыр сөздердi сондай шабытпен қақпақылдайтын. Мен оның репортажын алғаш 1984 жылы тыңдадым. Мәскеуде жергiлiктi «Динамо» мен Алматының «Қайраты» ойнады. Бiздiң шабуылшы Сергей Стукашов қарсыластың айып алаңында бiр ойыншымен соқтығысып құлап қалды, бiрақ, төрешi пенальти белгiлеудi қажет деп таппады. Сондағы Маслаченконың мына сөзi әлi есiмде: «Нападающий гостей упал в штрафной площади соперника. Что говорит судья? А судья говорит, что сейчас в Москве очень холодно, и надо быстро подниматься с газона, а то можно и простудиться…». Осыдан бастап мен Маслаченко жүргiзсе болды, кiмнiң ойынын болсын тамашалауға әзiр едiм.

Оның 1988 жылғы Олимпиаданың финалынан жүргiзген әйгiлi репортажы қандай ғажапө Матч соңында КСРО құрамасының шабуылшысы Юрий Савичев бразилиялық қақпашы Клаудио Таффарелмен жекпе-жек шыққанда комментатордың «Савичев, убегай, забивай, я тебя умоляюө» деген айғайы жанкүйер жадынан мәңгi өшпес классикаға айналды. Ал, 2005 жылғы ЧЛ-дың ұмытылмас финалы ше? Бiрiншi тайм бiткенде «Милан» 3:0 есебiмен ұтып тұрды, бiрақ Маслаченко: «Если кому-то кажется, что это уже неинтересно, то этим людям неинтересен сам футбол. Это же финал Лиги чемпионовө Ну и что, что 3:0? Впереди еще целый тайм. Может, всю красоту футбола мы еще не увидели? Играющий «Милан» против сррражающегося («р»ды осылай дiрiлдетiп созып айтқанды жақсы көретiн – С.С.) «Ливерпуля»: что может быть интгригующе?ө» – деген болатын. Расында да, екiншi таймда «Ливерпуль» есептi теңестiрiп, ақыры пенальтиден ұтып та кеттiө

1999 жылы Мадридтiң «Реалы» Киевтiң «Динамосымен» ЧЛ ширек финалында кездестi. Үзiлiске дейiн тамаша ойнаған мадридтiк Кларенс Зеедорф екiншi таймда қайта-қайта қателесiп, өз серiктерiне емес, керiсiнше, киевтiктерге пас берумен болды. «По-моему, во втором тайме Зеедорф играет за киевское «Динамо» – мұндай мысқылды Маслаченкодан басқа кiм айтуы мүмкiн? «Динамоның» қақпашысы әуелеп келген допқа ұмтыларда «Шовковский, выходи! Молодец, слушает подсказки» деуi де байырғы қақпашыға жарасымды едi.

Жанкүйермен сырласу

Ол онша қызықсыз ойынның өзiн көрерменге қызықты етiп әңгiмелейтiн. Футболшының тепкен добы айдалаға лағып, стадиондағы көрермендердiң ортасына кеткенде айтқан «А это – пас кому-то из родных и близких на трибуне» сынды әзiлi, құлаған күйi тұрмай жатып алған донецкiлiк «Шахтердiң» ойыншысына арнаған «Вставайте, Старухин, все девушки нашей страны вас уже пожалели» деген мысқылы, төрешiнiң 11 метрлiк белгiлемегенiне наразы ойыншыларға қаратып «Между прочим, не все, что падает в штpафной – пенальти» дегенi – жанкүйерлер ғана емес, бүгiнгi комментаторлар да жаттап, кейде қолданып та жүрген афоризмдер.

Сондай-ақ, Маслаченконың «Откройте глазаө Все в порядкеө Гола нет», «Футбол можете не смотреть – можете поверить мне на слово…», «Пас-то хороший, да поле кончилосьө», «Вратари теперь не летают, а если летают, то низко» секiлдi қанатты сөздерiнiң футбол фольклорынан ойып тұрып орын алғаны да ақиқат.

Әрине, қателеспейтiн адам болмайды. Әйгiлi грузин комментаторы Котэ Махарадзенiң бiр сөйлемнен үш қате жiбергенiн бiлесiз бе? ХХ ғасырдың 80-жылдары оның: «И вот с мячом Олег Блохин – удар – голө Но, к сожалению, оказывается, мяч попал в штангу, к тому же было вне игры, да и вообще мне помощники подсказывают, что это был не Блохин», – дегенi жұртқа аңыз болып тараған-ды. Бiр жағынан, қателiгiн мойындау, екiншi жағынан, бәрiбiр тапқырлық, бәрiбiр ұтқырлықө Сол сияқты Маслаченко да қателескен кездерiнде «Ну, бывает, ошибся… Простите меня и посмейтесь надо мной…» дегендi жиi қайталайтын.

Украинаның Днепропетровск облысында туып-өскен Владимир Маслаченко әуелде дәрiгер болуды қалапты, кейiн футбол қақпашысы болды, спортты қойған соң 38 жыл бойы телевизия саласында еңбек еттi. >зiн әйгiлi Николай Озеровтiң шәкiртi санайтын оны спортсүйер қауым сол ұстазынан еш кем көрген жоқ. Украиналық жерлестерi тарапынан тiптi «Футбол шайыры» деген атқа ие болған Маслаченко – расында да, жаңағы Озеров, Махарадзе секiлдi шын мәнiндегi халық сүйген комментаторлардың бiрi едi…

Қазiр бiз түгiлi, Ресейдiң өзiнде «бұрынғыдай спорт комментаторлары жоқ» деген пессимизм басым. Василий Уткин, Владимир Стогниенко, Юрий Розанов секiлдi мықтылары бар елдiң жанкүйерлерi өз комментаторларына көңiлi толмай жатса, бiздiң тоқмейiлсуiмiзге тiптi болмас. «Қазақстан» ұлттық арнасы ғана биылдан бастап спорт көрсетiлiмдерiн тек қазақ тiлiнде ұсынып жүр (бұрын қос тiлде едi). Басқа арналарымыз әлi де репортаждарды екi тiлде жүргiзiп келедi. Бұл да – тек бiздiң елде бар мәселе…

Қазақшасын Рабат Жәнiбеков, Қынабай Аралбаев, орысшасын Диас Омаров, Қайрат Жантикиндер жүргiзген кеңес заманындағы репортаждардың өзiне жұртшылықтың көзқарасы ала-құла едi. Сәттi шықса, мақтап жүретiн, ойдағыдай болмай жатса, наразылығын ашық бiлдiретiн футбол әуесқойының бәрiне бiрдей жағу да мүмкiн емес шығар. Дегенмен, көгiлдiр экран алдында көрiнiстi тамашалап қана қоймай (кiмнiң кiмге пас бергенiн, кiмнiң гол соққанын, әрi-берiден соң, оның өзi көре де алады ғой), ойынның рухын сезiнiп, әсерiне бөленiп, құдыретiн түйсiну үшiн комментатор сөзiне құлақ түретiн көрерменнiң оған қашанда талапшыл келетiнiн есте ұстаған абзал. Себебi, жоғарыда аталған Уткин айтқандай, «Репортаж дегенiмiз – сенi топтанған тобырдың тыңдауы емес. Репортаж дегенiмiз – сенiң теледидар алдындағы миллиондардың әрқайсысымен сырласуың».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *