МЕТРОНЫҢ НЕГIЗГI ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Жұмысқа бару, қайту уақыттарында пойыз стансаға әр 9 минут сайын келедi. Ал, қалған уақытта бұл аралық аздап ұлғайтылады. Шаһар басшысы Ахметжан Есiмов метрополитен құрылысының жүргiзiлу барысымен танысты. Электр пойызына отырған қала Әкiмi алғашқы желiнiң бiрiншi кезегiндегi барлық жетi стансаны аралап шықты. Қазiргi кезде желiнiң барлық шақырымы бойынша қозғалмалы құрамды жүргiзу жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ, метрополитеннiң техникалық қызмет көрсету орталығының мамандарын iрiктеу және оқыту жүргiзiлуде. Барлық 7 стансаның негiзгi құрылысын салу жұмыстары аяқталды. Сонымен бiрге, «Абай», «Алатау», «Алмалы», «Жiбек жолы», «Райымбек батыр» стансаларына сәулеттiк-көркемдеу жұмыстары жүргiзiлдi. Әсемдеу шаруалары қалған стансаларда аяқталуға жақын қалды. 6 стансада 24 эскалатор жинастырылып, орнатылды.

Бұдан өзге инженерлiк желiлер мен коммуникация, автомат жүйесi, байланыс және дабыл жүйесi, эксплуатациялық құрал- жабдықтарды орналастыру жұмыстары шегiне жетуге таяу қалды. Жер үстiндегi стансаларға кiре берiс аумақтарды көрiктендiру жұмыстары да жүргiзiлiп жатыр. Мәселен, «Райымбек» және «Алатау» стансаларының кiреберiсiнде жеке және қоғамдық көлiктерге арналған айналу алаңшасы салыну үстiнде.

Ахметжан Есiмов барлық техникалық талаптар iске қосылып, белгiленген кестеге сай жұмыстарды аяқтаудың қажет екенiн тапсырды және метро қызметiн Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерекесiне тарту ретiнде пайдалануға беру қажеттiгiн жеткiздi.

Жұмыс барысында шаһар басшысы метроның екiншi кезегiнде атқарылар шаруаларды талқылады. Қазiргi уақытта метро құрылысшылары тоннельдiң 200 метрден астам бөлiгiн қазып үлгерген екен. «АҚШАМАҚПАРАТ».

КЕРЕК ДЕРЕК

Рельсте алматылық метроға арнайы «Hyundai Rotem» онтүстiккореялық компаниясы жасап шығарған жетi құрам жүретiн болады. Олардың әрқайсысында 4 вагоннан болады. Қозғалыстың орташа жылдамдығы аялдамаларды есепке алғанда, сағатына 40 шақырымды құрайды. Бiрiншi кезектегi желiде жол жүру ұзақтығы 15-20 минуттi құрайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *