МЕТРОДА «АДАЛ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған кезекті бір Жолдауында қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жою мүмкін емес деген еді. Бүгінге дейін жойылмай тұрған қауіпті кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет. Мемлекеттің дамуына елдің әрбір азаматы үлес қосуға тиіс.

Осы орайда  мегаполистегі «Алмалы» метро бекетінде «кедергісіз өткел» прин­ципіне негізделген «Адал жол» акциясы басталды. Қала әкімдігі мен «Алматы адалдық алаңы» жобалық офисінің бірлес­кен жобасы аясында кез-келген азамат өз-өзіне қызмет көрсетеді. Яғни метро бекетіне кірер есіктердің бірі үнемі ашық тұрады. Қолында не «Оңай» картасы, не ақшасы болмай қалған жағдайда, төлем картасын пайдалануға мүмкіндігі бар.  Ал метроға қарай өту үшін жолақысын төлеу-төлемеу адам­ның ары мен адалдығына артылмақ. Әзірге пилоттық режимде іске қосылған бұл жоба нәтижелі болса, қала­дағы қалған 8 бекетте де «Адал жол»  акциясы іске аспақ.

Күнделікті метро қызметін қала халқы­ның 55—60 пайызы пайдаланады екен. Соның 10 пайызы төлемді төлем карталары арқылы жүргізеді. Жалпы, қала бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың 70 пайызы Алматыға тиесілі көрінеді.

–       Алматы қаласында 37 жоғары оқу орны шоғырланған. Бүгінгі принцип бойын­­ша жұмыс істейтін сол оқу орын­дарында сатушысы жоқ дүкендер аштық. Тұтынушы өзіне керек-жарағын алып, төлем картасы арқылы ақысын төлеп кете береді. Зерттеу нәтижесі бойынша ешқан­дай тауар ұрланбаған. Болашақта қалада­ғы ірі сауда орталықтары желісінде де осын­дай принцип бойынша жұмыс істейтін кассаны іске қосу жоспарда бар, – дейді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департа­ментінің басшысы Данияр Таумұрат.

«Адал жол» акциясы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру болып табылады.

Саяна Сейітқожа.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *