МЕТРО ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРIП ЖАТЫР

1.2Мәншүк БЕКБОСЫН

«Алматыметроқұрылыс» мекемесi ұзындығы 2,74 шақырымды құрайтын қала метрополитенiнiң  екiншi кезегiнiң құрылысын жүргiзiп жатыр. Осы орайда кеше қала әкiмiнiң орынбасары Болат Сауранбаев «Сайран» және «Мәскеу» метростансаларының құрылысымен танысып қайтты. Ең қызығы, бұл кездесуде БАҚ өкiлдерi метрополитеннiң екiншi кезегiнiң оң жақтағы туннелiнiң №122 желдеткiш камерасында туннельдi тесу жұмыстарын бақылап тұру мүмкiндiгiне ие болды.

Бүгiнде ұзындығы 8,3 шақырым болатын метро­ның қазiргi таңда 7 бекетi тұрақты жұмыс iстеп тұр. Дегенмен, жерасты көлiгiнiң бағыты тым қысқа болуы қала халқы үшiн аса тиiмсiз. Осы олқылықты жою үшiн қала билiгi келер жылдың соңына дейiн Абай мен Алтынсарин көшелерiнде қиылысатын тағы екi стансаның құрылысын аяқтауды жоспарлаған болатын.

– Бекеттер мен туннельдердiң құрылысы қарқынды жүргiзiлiп жатыр. «Сайран» және «Мәскеу» бекеттерi ашық қазба тәсiлiмен салынуда. Қазiргi таңда қазан­шұңқырды қазу жұмыстары аяқталып, басты монолиттi темiр­бетон құрылымдарын салу жұмыстары жүргi­зiлiп жатыр, – дейдi «Алматыметро­құры­лыс» АҚ-ның бас директоры Мұрат Өкшебаев.

«Алатау» бекетiнен бастау алатын оң жақ­тағы тун­нельдiң ұзындығы 1847 метр болса, сол жақтағы туннельдiң ұзындығы 1508 метр екен.

Айта кету керек, «Мәскеу» стансасы Ресей аста­насы үлгiсiнде әрлендiрiлсе, «Сайран» бекетi ұлттық на­қышта болмақ. Екi бекеттiң жылдамдата iске қосылуы үшiн мыңға жуық жұмыскер үздiксiз қызмет етуде.

«Мәскеу» мен «Сайран» бекетiнен кейiн төрт жаңа станса – Сарыарқа, Достық, Қалқаман және авто­бекеттi қосатын желi салынады. Бұл бе­кеттер қаланың оңтүстiк-батысы мен солтүс­тiгiн жалғайтын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *