МЕТРО ПОЙЫЗДАРЫ түн ортасына дейін жүретін болды

Алматы метросының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы «Метрополитеннің» баспасөз қызметі хабарлады.

– Көптеген жолаушылар өтінішін ескере отырып, үстіміздегі жылдың 12 қарашасынан бастап Алматы метрополитені жаңа жұмыс кестесіне көшеді. Енді жерасты жүрдек пойыздары таңғы 6.20-дан түнгі 24.00-ге дейін қатынайтын болады. Сондай-ақ, Алматы шаһарының метросын жолаушыларға барынша қолайлы ету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Келесі жылы арнайы алаңдар мен касса залдарында ақпараттық дисплейлер орнатылады. Жолаушылар енді келесі пойыздың қашан келетінін алдын-ала көріп тұратын болады, – деді «Алматы метроқұрылыс» АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.

Тақырыпқа орай тағы да қосымша ақпарат: 24 қазанда Алматы метросына 8 жаңа электр пойызын жеткізу үшін келісімге қол қойылған болатын.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *